Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Менің жасыл Қазақстаным» республикалық конкурсы

Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері мен магистранттарын «Менің жасыл Қазақстаным» республикалық байқауына қатысуға шақырады. Байқауды Энергия тиімділік жəне ресурсты үнемдеу Қоғамдық палатасы БҰҰДБ және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдау көрсетуімен ұйымдастырады.

Байқау қолдаушылары – G-Global Халықаралық хатшылығы, «Жасыл экономика» және G-Global-ды дамыту үшін коалициясы» ЗТБ және Қазақстан еріктілерінің Альянсы. Байқау мақсаты –жастарды ҚР «жасыл» экономикаға өту Тұжырымдамасын жүзеге асыруға тарту, «жасыл» технологиялар мен жаңғырмалы қуат көздерін жетілдіру және пайдалануды дамыту.

Байқауға 15 пен 29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Байқау шарттарына сәйкес, қатысушылар «жасыл» технологиялардың немесе жаңғырмалы қуат көздерінің аймақта, кәсіпорында, шаруашылықта немесе тұрмыста қолданылуы туралы 30 секундтық бейнеролик түсірулері қажет. Бейнероликте оның жұмыс істеу технологиясы мен артықшылықтарын көрсету маңызды.

Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде 2017 жылдың 10 мамырына дейін қабылданады. Байқау жеңімпаздары естелік және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Толық ақпаратты Қазақстан к.,55 (ШҚМУ әкімш.ғимараты), №303 кабинет мекен-жайы бойынша орналасқан Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығынан немесе 8/7232/241-401 тел.нөмірі бойынша алуға болады.

Студенттер мен жас ғалымдардың

ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы

 

 

Қазақ
× You found a Typo