- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Ағымдағы жылдың 1 қазанынан 1 қарашаға дейін облыста «Мейірім» айлығы жарияланды. Бұл біздің облысымыздың соғыс ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге және мүгедек жандарға жан-жақты материалдық көмек пен қолдау көрсету бойынша дәстүріміз.
19 қазанда сағат 15-00-де Сол жағалаудағы кешенде (этнографиялық саябақ, кіру «Арзан» оптомаркеті жағынан, № 8 пост) «Мейірім» айлығын қолдауға арналған акция өтеді. Онда әлеуметтік қорғау органдарының өкілдері облыстық ардагерлер кеңесімен бірге ағаштар отырғызу жұмыстарын өткізеді. Ағаштарды отырғызу барысында саябақтың білікті мамандарымен ұсынылған жаңа тәсілдер (технологиялар) қолданылады.
«Мейірім» айлығына арналған іс-шараларға барлық нысандағы мемлекеттік органдар, кәсіпорындар мен ұйымдар, кәсіпкерлер, қоғамдық, діни бірлестіктер қатысуда. Қалалар мен аудандарда қарттар мен мүгедектерді қолдау бойынша шаралар, концерттер, басшылар көмегі өтуде.
Баспасөз қызметі