Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Microsoft-тың «The next AI Guardians» халықаралық байқауы - өтінімдерді қабылдау және сайтта тіркелу - 25 қаңтарға дейін

Құрметті оқытушылар,

Біз Microsoft-тың «The next AI Guardians» атты кезекті мәрте халықаралық байқауы жайлы сіздерді хабарландырып отырғанымызға қуаныштымыз. Байқаудың басты мақсаты – 29 елдегі, соның ішінде, Қазақстан Республикасындағы университтерде қызмет жасайтын оқытушылар мен зерттеушілердің, студенттердің жасанды интеллект негізіндегі шығармашылық шешімдерін білім беру саласына ендіру.

Егерде сізде білім беру келешегін өзгертуге қауқарлы зор бір идея бар болса, онда бұл байқау сізге арналған!

Біз білім беру әрбір адам өміріндегі ең маңызды мүмкіндіктердің бірі деп есептейміз. Сондықтан жасанды интеллект көмегімен оқу мекемелерінің оқу үдерісіндегі жергілікті немесе жаһандық кез келген мәселесін анықтап, шешуге мүмкіндік беретін әдістерді іздеу үшін Microsoft байқауына қатысуға шақырамыз. Кем дегенде 4 студенттен және 1 ғылыми қызметкерден тұратын ең үздік командаңызды жинаңыз.

«The next AI Guardians» байқауы – студенттерге өз әлеуетін ашып, жасанды интеллект мүмкіндіктерін өз пайдасына жарату үшін керемет мүмкіндік. Байқау кезінде қатысушылардың барлығы оқудан өтіп, жасанды интеллект саласындағы жетекші мамандармен кездесіп, олардан кеңес ала алады.

 «The next AI Guardians» байқауын өткізу мерзімі:

1-кезең

Бұл кезеңде өз командаңызды жинауыңыз қажет. Командаға 4-ке дейін студентті және 1 ғылыми қызметкерді, сондай-ақ, оларға жетекшілік ететін мүмкіндігінше бір профессорды қосуды ұсынамыз. Осыдан кейін сайтта тіркеліп, 2020 жылдың 25 қаңтарына дейін 2-3 минуттық бейнеролик түрінде жоба идеясын жүктеп жіберу қажет. Жоба идеясында білім берудегі айқын мәселелерді шешуге көмектесетін жасанды интеллект негізіндегі шешім мазмұндалуы тиіс.

2-кезең

2020 жылдың 31 қаңтарында біліктілік іріктеуінен өткен командалар жарияланған соң, әрбір команда Microsoft-тан техникалық және бизнес сүйемелдеуді алады. Бүкіл кезең ішінде тәлімгерлер Teams арқылы командалармен бейне-байланысқа шығып, ақтық кезең үшін тұжырымдаманың демосын жақсарту бойынша кеңестер береді.

 3-кезең

2020 жылдың 30 наурызынан бастап 3 сәуіріне дейінгі аралықта іріктелген командалардың барлығы Teams бағдарламасында өз тұжырымдамасын ұсынуы тиіс. 8 сәуір күні біздің қазылар алқасы ақтық кезеңге өтіп, Будапешттегі AI Bootcamp мектебіне шақырту алатын ең үздік командаларды жарияламақ.

4-кезең

Ақтық кезеңге шыққан командалар 26 мамырға дейін өз жобасының тұжырымдамасын бүге-шегесіне дейін дайындап, осы саланың жетекші мамандарынан құралған аудитория алында өз тұжырымдамасын таныстыруды үйренуі тиіс. «The Shark Tank of The next AI Guardians» қорытынды гала-шоуы Будапештте 27-29 мамыр күндері AI Bootcamp-те өтеді. Дәл сол жерде келесі ұрпақ үшін білім беру үдерісін жақсартуға мүмкіндік беретін ең үздік тұжырымдама таңдап алынады.

Өз студенттеріңізбен байқау жайлы бөлісіңіз

Студенттеріңізді командаларға бірігіп, жасанды интеллект көмегімен білім берудегі айқын мәселелерді шешу үшін байқауға қатысуға үндеңіз. Бұл болашақ ұрпақтың білімі үшін айтарлықтай үлес қосуға көмектесетін зор мүмкіндік.

Дұрыс құралдармен және дұрыс тұжырымдама көмегімен AI Guardians байқауына тіркелген әрбір команда келесі ұрпаққа білім беру үшін шексіз мүмкіндіктерге жол  ашады.

Студенттеріңізді тіркеу сайтына жіберіңіз

Тіркелу парақшасында олар байқау жайлы қажетті ақпаратты алып, іріктеу шарттары және олардың қолына берілетін ресурстар жайлы біле алады. Толығырақ ақпарат біздің Facebook-тегі Microsoft AI Bootcamps және Instagram-дағы Microsoft_AI_Bootcamps ресми парақшаларымызда жарияланатын болады.

Студенттерді шабыттандырып, оларға жетекшіліп етіп, ынталандыруды өз борышыңызға айналдырыңыз! Олармен бірге біздің шақыртуымызға қосылып, байқауға қатысыңыз. «The next AI Guardians» байқауына бүгін тіркеліңіз.

Сәттілік!
Microsoft командасы

Қазақ
× You found a Typo