Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебені тексеруге арналған «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебені тексеруге арналған «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы

Студенттер мен магистранттардың назарына!

Кейбір студенттер мен магистранттар ТЖ кезінде 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді алу үшін бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) бір мезгілде төлеп, МӘМС жүйесінде медициналық көмекке құқығы бар адамдардың жеңілдікті санаты мәртебесін жоғалтты.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесін тексеру және қажет болған жағдайда мәртебесін қайтару үшін «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасын App Store немесе Play Market-тен жүктеп алыңыз.

Мәртебе болмаған жағдайда растайтын құжаттарды (ЖОО анықтамасы, жеке куәлік) «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ШҚО бойынша филиалына жолдаңыз.

Расталған жағдайда, өтініш берген адамға бір айға уақытша сақтандыру мәртебесі беріледі және қосымша арқылы өтініш берушіге мәртебенің өзгеруі туралы хабарлама жіберіледі.

Сонымен қатар, «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы арқылы ЖОО қызметкерлері аударымдар мен жарналардың тарихын өз бетінше қарап, төлем бойынша берешекті тексере алады, сондай-ақ МӘМС туралы ақпараты бар жарияланымдарды ала алады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ШҚО бойынша филиалы

Қазақ
× You found a Typo