«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ФИЛИАЛЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТ
«Мәңгілік ел» құндылықтары – қазіргі қазақстандық білім берудің негізі» тақырыбындағы республикалық он-лайн пікірлесу алаңын өткізу туралы
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институт 2016 жылғы
23 маусымда «Мәңгілік ел» құндылықтары – қазіргі қазақстандық білім берудің негізі»
тақырыбындағы республикалық он-лайн пікірлесу алаңын өткізеді.
Мақсаты: «100 нақты қадам» ұлттық жоспарын жүзеге асыру аясында «Мәңгілік ел»
идеясының білім беру жүйесінде жүзеге асырылуын талқылау және педагог қызметкерлердің
біліктілігін арттыру, өзара тәжірибе алмасу.
Міндеттері:
Қатысушылардың бағдарламаны жүзеге асыру бойынша ойларын ортаға салуға
мүмкіндік жасау, білім мен ғылымды ұштастыру арқылы кәсіби қарым-қатынас аясын кеңейту.
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясын тәжірибеге енгізу бойынша жаңа жобалармен, тың
идеяларымен бөлісу.
Қазіргі қазақстандық білім берудің негізі ретінде «Мәңгілік ел» құндылықтарын
жүзеге асыру арқылы білім беру ұйымдары мамандарының кәсіби құзыреттіліктерін
арттыру.
Пікірлесу алаңында қарастырылатын мәселелер:
1. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары және мәні.
2. Тіл - ұлттық құндылық, ұлттық мұра.
3. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясында ұлттық тәрбие беру.
4. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын енгізудегі педагогтың рөлі.
5. Этникалық сана-сезімнің қалыптасуындағы ұлт зиялыларының ықпалы.
6. «100 нақты қадам» ұлттық жоспарын жүзеге асыру аясындағы «Мәңгілік ел»
идеясының білім беру жүйесіне енгізілу стратегиясы мен жүзеге асырылуы.
Қатысушылар: «Өрлеу» БАҰО филиалдары қызметкерлері мен мамандары, мектепке
дейінгі және жалпы білім беретін ұйымдар, колледждер мамандары, тәрбиешілер, мұғалімдер.
ЖОО орындары профессорлық-оқытушылар құрамы.
Өткізілетін орын: «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ҚР Білім беру жүйесінің басшы және
ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты.
Өту мерзімі: баяндамалар 2016 жылдың 23 маусымы, он-лайн режимінде.
Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады.
Республикалық пікірсайыс алаңының ақпараттық ресурсы
Пікірлесу алаңы жұмысының қорытындысы бойынша
Пікірлесу алаңы материалдарының жинағы (электронды және баспа түрі)
шығарылады;
Пікірлесу алаңына қатысушыларға сертификат беріледі.
Қатысу шарты:
Пікірлесу алаңына қатысу үшін баяндамалар 2016 жылдың 6 маусымына дейін
adisteme.bbjkbari@mail.ru мекен-жайына рәсімделіп жіберілуі тиіс.
Файл және сұраныс қағазы қатысушының тегі жазылған және мақала немесе сұраныс
тіркесімен берілуі тиіс (мысалы, Асанов-мақала, Асанов-сұраныс). Материалды қабылдағаны
туралы ұйымдастыру комитетінен хабарлама алуға тиіссіздер, олай болмаған жағдайда
материалды қайталап жіберулеріңізді өтінеміз.
Республикалық пікірлесу алаңына жіберілетін материалды рәсімдеу талаптары:
1. Көлемі: 3-6 бет аралығы.
2. Мәтін форматы: Microsoft Word (*.doc, *.docx).
3. А4 қағазда;
4. Орналасуы: кітап түрінде;
5. Жиектері (жоғарғы, төмен, оң жақ, сол жақ): 2 см.
6. Шрифт: өлшемі (кегль) – 14, түрі – Times New Roman.
7. Қатараралық интервал: бірден
8. Беттерге нөмір қойылмайды.
9. Сілтемелер мен түсіндірулер тік жақшаға мәтіндегі қойылу реті бойынша жазылады.
Тік жақшаның ішіне қойылу реті, беті көрсетіледі (мысалы: [5, 21-23 б.]).
10. Әдебиеттер тізімі мақаланың соңында «Пайдаланылған әдебиеттер» тақырыбымен
жазылады. Бірнеше рет пайдаланылған әдебиет атауы бір рет көрсетіледі.
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Амангелді көшесі 61 үй, 8-727-2674457, телефон: 8-727-2674457, e-mail: adisteme.bbjkbari@mail.ru.
Тіркеу формасы
1. Тегі, аты-жөні толығымен________________________________________________________
2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы _________________________________________________
3. Жұмыс орны, қызметі____________________________________________________________
4. Мақала тақырыбы______________________________________________________________
5. Бағыты: _______________________________________________________________________
6. Мекен-жайы, байланыс (телефон, e-mail): ____________________________________