13 сәуірде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Наурыз мейрамы аталып өтеді, іс-шара барысында бес киіз үй тігіледі.
Бағдарламада: Жастар жылында биіктен көрінген үздік студенттерді марапаттау; оқытушылар мен студенттер (олардың ішінде танымал әншілер, түрлі байқаулардың жеңімпаздары Альмира Нұрғожина, Юлия Юрочкина, Дина Мырза бар) және ШҚО Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының әртістері қатысқан концерт; спорттық сайыстар; Наурыз көже мен палаудан тегін дәм тату; би думаны.
Өтетін орны және уақыты: 30-шы Гвардиялық дивизия к., 34, №4 және №5 Студенттер үйлері, «PARASAT» студенттерге қызмет көрсету орталығы арасындағы аумақ, басталуы – сағат 11.00-де.
Ректорат