- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Назар аударыңыз! 15 қыркүйек – жалпықалалық сенбілік
Өскемен қаласының және оқу ғимараттарының аумақтарын көгалдандыру, үнемі тиісті санитарлық жағдайда күтіп-ұстау және абаттандыру мақсатында қала әкімдігінің 2018 жылдың 11 қыркүйегіндегі №1/817 қаулысына сай аймақтарды санитарлық тазалау бойынша айлық жарияланды.
15 қыркүйектен 1 қазанға дейін Амур және Карбышев көшелерінің аумақтарын тазалау бойынша «Таза аула» акциясы жарияланды (факультеттер кесте бойынша тазалайды).
15 қыркүйекте сағат 09.00-де №1 оқу ғимаратының аумағын тазалауға мына мамандықтары бойынша оқып жатқан студенттер 20 адамнан шығады: «Дене шынықтыру және спорт», «Алғашқы әскери дайындық»
Студенттер сағат 09-00-де №1 оқу ғимаратының алдына жиналады.
ҚОСЫМША (кесте).
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі