Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, КОНКУРС!

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Абай және Сәрсен Аманжолов атындағы атаулы шәкіртақы беруге конкурс өткізетінін хабарлайды

Шәкіртақыға ҰБТ нәтижесі бойынша 130 және одан жоғары балл жинаған және мемлекеттік білім беру грантына байқауға қатысу үшін өтініште С. Аманжолов ат. ШҚМУ-ды бірінші, екінші көрсеткен мектеп түлектері үміткер бола алады.       

Абай атындағы шәкіртақы

  • 50 000 теңге көлеміде шәкіртақы ай сайын 4 жыл бойы
  •  Абай атындағы алтын медаль

С. Аманжолов атындағы шәкіртақы

  •  25 000 теңге көлемінде шәкіртақы ай сайын 4 жыл бойы
  •  С.Аманжолов атындағы алтын медаль

Шәкіртақылар бірінші курстан бастап оқудың барлық кезеңіне тағайындалады. Атаулы шәкіртақыны алу басқа шәкіртақылардың түрін алуға кедергі болмайды.  

Білім алушы конкурсқа қатысуы туралы жазбаша өтініші мен портфолиосы конкурсқа қатысуға негіздеме болып табылады, олар келесіден тұрады:

  • Конкурсқа қатысушы туралы ақпарат (бірінші екі бет);
  •  «Менің жетістіктерім» бөлімінде болу керек: соңғы 3 жылдағы мақтау қағаздар, сертификаттар, дипломдар, алғыс хаттар және тағы басқалар.
  •  «Менің басылымдарым» бөлімінде әр түрлі ғылыми және шығармашылық жобаларға қатысу нәтижесі бойынша басылымдар тізімі болу керек. Басылымдар болмаған жағдайда тізім салынбайды.
  •  «Менің болашаққа жоспарым» бөлімі қатысушы жазған эсседен (көлемі - А4 пішімдегі 1 бет) тұрады, онда ол болашаққа өзінің жоспарларымен таныстырады: жоспарланған негізгі мамандығы, қосымша мамандық, әуесқойлығы, қызығушылығы, және т.б. Бұдан басқа қатысушы өзінің немесе басқа мамандықты, осы немесе басқа бағытты таңдауын түсіндіреді және қорытынды жасайды.

Портфолио қағаз нұсқада ұсынылады.

Өтініштерді қабылдау мерзімі: 2018 жылдың 20 тамызына дейін.

Барлық сұрақтар бойынша университеттің комиссиясына хабарласыңыз.

8 (7232) 540-812, +7 701 345 76 89

Қазақ
× You found a Typo