Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Назар аударыңыздар: журналистерге арналған «Шабыт/ ШҚМУ-2020» байқауы

Назар аударыңыздар: журналистерге арналған «Шабыт/ ШҚМУ-2020» байқауы

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті республикалық, облыстық және қалалық БАҚ-ның  журналистері арасында,  «Шабыт/ ШҚМУ-2020» шығармашылық байқауын жариялайды.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ жұмысы мен жетістіктері туралы қазақ және орыс тіліндегі материалдар 26 мамыр мен 26 маусым аралығында қабылданады.

Бір журналист тек бір жұмысын ғана өткізе алады.

Байқау қорытындысы бойынша қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының өкілдерінен құралған қазылар ең үздіктерін таңдап алады. 1 орын иегеріне 200 мың теңге, 2 орын 100 мың ал жүлделі 3 орын иегері 50 мың теңгені еншілейді.

Сонымен қатар үздік жұмыс авторлары дипломмен марапатталады. Байқауға 2019 жылдың 1 қыркүйегі мен 2020 жылдың 26 маусымы аралығында БАҚ-да жарияланған материалдар қабылданады.

Байқау қорытындысы 28 маусым 2020 жылы, яғни, Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні жариялады.

Материалдарды жібреу үшін электронды пошта: imagevkgu@mail.ru

Материалмен қоса байқауға қатысушы туралы ақпаратты жіберу қажет: АӘТ, мекенжайы, телефон, жұмыс орны немесе оқу орны, e-mail, ақпарат жарияланған БАҚ (сілтеме).

Ректорат

Қазақ
× You found a Typo