Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Оқушылар арасында информатикадан Шығыс Қазақстан облыстық олимпиадасы туралы ақпараттық хат

Оқушылар арасында информатикадан Шығыс Қазақстан облыстық олимпиадасы туралы ақпараттық хат

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің (ШҚМУ) «Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар» (КҮжАТ) кафедрасы информатикадан облыстың білім беру мекемелерінің 8-11-ші сыныптары арасында Шығыс Қазақстан облыстық олимпиадасын өткізеді.

Ұйымдастыру комитетінің координаттары: www.vkgu.kz сайты, ШҚМУ-ның Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің «Компьютерлік  үлгілеу және ақпараттық технологиялар» (КҮжАТ) кафедрасы (№7 оқу ғимараты Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 148 мекен-жайы бойынша; байланыс телефоны: 8-7232-225184 (КҮжАТ кафедрасының меңгерушісі Жантасова Женискуль Зейнешовна). Байланысу тұлғалары: Кадырова Айнагуль Сабеновна, тел.: 8705-5310-158,    Жунусова Гулнур Ташкеновна (тапсырыстарды қабылдау және т.б.), тел.: 8705-221-24-23

1. Олимпиада екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезеңі - бұл бағдарламалау бойынша жобалардың қашықтықтан сайысы 2016 жылдың 12 желтоқсанда өткізіледі.  Екінші қорытынды кезең (компьютерлік графика бойынша есептер) 2016 жылдың 20 желтоқсанда Өскемен қаласы, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ның жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің КҮжАТ кафедрасында өткізіледі.

2. Олимпиадаға қатысу үшін әрбір қатысушыға 2016 жылдың 2-желтоқсанға дейін компьютерлік  үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының mmkt_vkgu_7@mail.ru электрондық поштасына файл немесе архив түрінде тапсырыс жіберуі қажет. Тапсырыста олимпиаданы ұйымдастыру комитетіне келесілерді хабарлау: 1) оқу мекемесінің толық атауын, оның мекен-жайын, телефонын; 2) қатысушының ғылыми жетекшісі жайында мәліметтер (тегі, аты-жөні, сыныбы, мекен-жайы, e-mail, телефоны);  3)  қатысушы туралы мәліметтер (тегі, аты-жөні, сыныбы, мекен-жайы, e-mail, телефоны); 4) бірінші  кезеңге қатысу шарттары бойынша тапсырманы жіберу қажет.

3. Қосымша ақпарат

Олимпиаданың жұмыс тілдері – қазақ және орыс тілдерінде. Олимпиадаға бір білім беру мекемесінен 3 (үштен) артық емес қатысушылар қатыса алады. 2016 жылдың 2-желтоқсанында олимпиаданың бірінші кезеңіне тапсырмаларды  қабылдау аяқталады.

Бірінші кезеңнің тапсырмасы бағдарламалауға  арналады. Есептер (Паскаль, Delphi, Visual Basic)  бағдарламалау орталарында орындалуы қажет.

Бірінші есептің дұрыс жауабы - 20 ұпаймен, екінші есептің дұрыс жауабы – 30 ұпаймен, ал үшінші есептің дұрыс жауабы – 50 ұпаймен бағаланады. Қатысушы жинай алатын максималды ұпайлар саны 100 баллды құрайды.

Екінші кезеңде 2016 ж. 20 желтоқсанда олимпиадаға қатысушылар алдын-ала тіркелуден өткен соң Қазақстан Республикасының 25-жылдық тәуелсіздігіне байланысты компьютерлік графика (коллаж, бейнеролик, сюжеттік фотолар) бойынша тапсырмаларды алады. Тақырыпты ашу, орындалу техникасы бойынша бағаланады. Бағдарламалық жасақтамалар –MS Power Point, Adobe Photoshop және т.б. бейнемонтаж құру бағдарламалық жасақтамаларын қолдануға болады. Олимпиаданың екінші кезеңі Ворошилов көшесі, 148 мекен-жайы бойынша ШҚМУ-ның №7 оқу ғимаратының 211, 211а, 212, 213, 214 дәрісханаларында өтеді.

Қатысушыларды тіркеу  сағ. 8.30-9.00; олимпиаданың ашылуы сағ. 10.00, жабылуы сағ. 17.00-де. Есептерді шешуге жұмсалатын жалпы уақыт– 240 минут.

Екінші кезеңнің тапсырмалары орындалу қиындықтарына байланысты статистикалық бейнелерді құру (коллаж) 20 ұпайға, екінші деңгей қиындығы жағдай немесе сюжет бойынша бейнелерді құруға болжамдалады және  30 ұпайға бағаланады, үшінші деңгей қиындығы (анимация немесе сурет салу)– 50 ұпаймен бағаланады. Екінші кезеңнің нәтижелері бойынша қатысушы жинай алатын максималды баллдар саны – 100 балл.

Олимпиаданың қорытынды нәтижелері екінші кезеңді өткізу күні хабарланады және ШҚМУ сайтында жарияланады. 

4. Қорытынды баллдар саны бойынша төмендегілер анықталады:

1) бірінші және екінші кезеңдердің нәтижелері бойынша ең жоғары балл жинаған олимпиада жеңімпазы, 11-сынып түлегі  Гран-При дипломымен марапатталынады. Жеңімпаз ҰБТ сертификатының 70 және одан жоғары сайыстық балымен университетте бірінші оқу жылы үшін 100% шығынсыз тегін оқу құқысына иеленеді. Жеңімпаздың қандай да бір себептер бойынша гранттан бас тартуы жағдайында, қорытынды баллдардың рейтингілік кестесі бойынша I дәрежелі дипломмен марапатталған келесі қатысушыға ауысуы құқылы.  Грант университеттің Ғылыми кеңесі шешімімен үміткердің 2015 жылы  «5В011100 Информатика», «5В060200 Информатика», «5В070300 Ақпараттық жүйелер» мамандықтарының біріне қабылдануы жағдайында ғана беріледі.

2) олимпиада жүлдегерлері  I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo