Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Оқушылар арасында информатикадан Шығыс Қазақстан облыстық олимпиадасы туралы ақпараттық хат (25 қаңтар)

Оқушылар арасында информатикадан Шығыс Қазақстан облыстық олимпиадасы туралы ақпараттық хат

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің (ШҚМУ) «Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар» (КҮжАТ) кафедрасы информатикадан облыстың білім беру мекемелерінің 8-11-ші сыныптары арасында Шығыс Қазақстан облыстық олимпиадасын өткізеді.

Ұйымдастыру комитетінің координаттары: www.vkgu.kz сайты, ШҚМУ-ның Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің «Компьютерлік  үлгілеу және ақпараттық технологиялар» (КҮжАТ) кафедрасы (№7 оқу ғимараты Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 148 мекен-жайы бойынша; байланыс телефоны: 8-7232-225184.

Байланысу тұлғалары (тапсырыстарды қабылдау және т.б.): Кадырова Айнагуль Сабеновна, тел.: 8705-5310-158,  Жунусова Гулнур Ташкеновна тел.: 8776-423-09-81.

1. Олимпиада екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезеңі - бұл компьютерлік графика бойынша жобалардың қашықтықтан сайысы 2018 жылдың 28 желтоқсанынан басталады.  Екінші қорытынды кезең (бағдарламалау) 2019 жылдың 25 қаңтарында  Өскемен қаласы, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ның (7-оқу ғимараты) жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің КҮжАТ кафедрасында өткізіледі.

2. Олимпиадаға қатысу үшін әрбір қатысушыға 2019 жылдың 8 қаңтарына дейін компьютерлік  үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының 7_vkgu_kmit@mail.ru электрондық поштасына файл немесе архив түрінде тапсырыс жіберуі қажет. Тапсырыста олимпиаданы ұйымдастыру комитетіне келесілерді хабарлау:

1) оқу мекемесінің толық атауын, оның мекен-жайын, телефонын;

2) қатысушының ғылыми жетекшісі жайында мәліметтер (тегі, аты-жөні, сыныбы, мекен-жайы, e-mail, телефоны);

3) қатысушы туралы мәліметтер (тегі, аты-жөні, сыныбы, мекен-жайы, e-mail, телефоны);

4) бірінші  кезеңге қатысу шарттары бойынша тапсырманы жіберу қажет.

3. Қосымша ақпарат

Олимпиаданың жұмыс тілдері – қазақ және орыс тілдерінде. 2019 жылдың 21-қаңтарында олимпиаданың бірінші кезеңіне тапсырмаларды  қабылдау аяқталады.

Бірінші кезеңнің тапсырмасы: «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар және Рухани Жаңғыру»  тақырыбына электронды түрдегі бейнероликті құру. Орындалу техникасы мен тақырыпты ашу дәрежесі және т.б. бағаланады.

Бірінші кезеңнің тапсырмалары орындалу қиындықтарына байланысты ұпаймен бағаланады. Бірінші кезеңнің нәтижелері бойынша қатысушы жинай алатын максималды баллдар саны – 100 балл.

Бағдарламалық жасақтамалар – кез келген бейнеролик құру және графикалық бағдарламалық жасақтамаларды қолдануға болады.

Олимпиаданың екінші кезеңі 25 қаңтар күні Ворошилов көшесі, 148 мекен-жайы бойынша ШҚМУ-ның №7 оқу ғимаратының 211, 211а, 212, 213, 214 дәрісханаларында информатика бойынша бағдарламалау арқылы есептерді шығару түрінде өтеді. Екінші кезеңнің нәтижелері бойынша қатысушы жинай алатын максималды баллдар саны – 100 балл.

Қатысушыларды тіркеу сағ. 8.30-9.00; олимпиаданың ашылуы сағ. 10.00, жабылуы сағ. 16.00-де. Есептерді шешуге жұмсалатын жалпы уақыт– 100 минут.

Олимпиаданың қорытынды нәтижелері екінші кезеңді өткізу күні хабарланады және ШҚМУ сайтында жарияланады. 

4. Қорытынды баллдар саны бойынша төмендегілер анықталады:

1) бірінші және екінші кезеңдердің нәтижелері бойынша ең жоғары балл жинаған олимпиада жеңімпаздары анықталып, олимпиада жүлдегерлері  I, II және III дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Компьютерлік  үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі  Ж.З. Жантасова

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің  Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің деканының қызметін атқарушы С.К. Айткожина.

 

Қазақ
× You found a Typo