Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Оқушылар арасындағы облыстық дәстүрлі «Абай оқулары» байқауының ақпараттық хаты

 АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы ШҚО 10-11 сынып оқушыларының арасында облыстық дәстүрлі «Абай оқулары» байқауын өткізеді.

Мақсаты: ҚР Тұңғыш Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі идеясын жүзеге асыру, ана тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын насихаттау, Абай шығармашылығы арқылы жас ұрпақтың қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген ықыласын арттыру.

Байқауға қатысуға облыстағы қазақ мектептерінің 10-11 сынып оқушыларын шақырамыз.

Өтетін уақыты: 2 наурыз 2018 жыл. Сағат 9-да.

Сайысқа қатысу үшін тапсырыс 25 сәуірге дейін қабылданады.     

      Байқау шарттары

Байқау 3 кезең бойынша өткізіледі:

1. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» – Абай шығармаларын жатқа оқу сайысы. (Қатысушылар екі-екіден жұптасып (жұптар жереби тарту арқылы анықталады),  өздері жатқа білетін ақын өлеңдерінен жатқа оқиды, қарсыласы жалғастырып алып кетеді. Алма-кезек, бір-бірін сүріндіргенше сайысады. Сүрінген қатысушы 2 кезеңге жіберілмейді.

2. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» – Ақын қарасөздері бойынша сайыс (қарасөздерінің мәтіні бойынша сұрақтарға жауап беру). Сұрақтарға жауап бере алмаған қатысушы 3 кезеңге жіберілмейді.

3. «Талаптыға нұр жауар» - Абайтану курсы   бойынша жедел сұрақтарға жауап беру (Ақынның шығармашылық өмірбаяны, өскен ортасы, поэмалары, зерттеуші-ғалымдар, т.б.туралы сұрақтар)

Анықтама үшін: Байқауға қатысып, жүлделі орын алған оқушылар және оларды даярлаған жетекшілер алғыс хаттармен марапатталады. Барлық қатысушыға сертификат беріледі.

2018 жылдың 25 сәуіріне дейін байқауға қатысуға тілек білдірушілер мына е-mail: kaf_jazyka_vkgu@mail.ruvesy.26@mail.ru бойынша тапсырыс беріп, тіркелулеріңіз сұралады.

Мекенжайы: Өскемен қаласы, Крылов көшесі 72, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың

№9 оқу ғимараты, 309 дәрісхана, байланыс телефоны: (7232) 25-23-07, ұялы тел: 87755436808; 87076720015.

Тапсырыс беру үлгісі:

Қатысушының аты-жөні

Мектеп, сынып

Ақынның қанша өлеңін, қанша қарасөзін жатқа біледі.

Қатысушының мекенжайы, телефоны

Жетекші мұғалімнің аты-жөні, телефоны

1

 

 

 

 

 

                              

Қатысыңыздар! Жеңіске жетіңіздер!

Қазақ
× You found a Typo