Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Өндірістік сектор консорциумдары» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы бойынша Қазақстан Республикасы мен Дүниежүзілік Банк арасындағы келісім шеңберінде «Өндірістік сектор консорциумдары» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс өткізу жоспарланып отырғанын мәлімдейді.

Гранттық бағдарламаның мақсаты саланың жүйелік міндеттерін шешуге бағытталған технологияларды енгізу үшін ғылыми ұйымдар және өндірістік сектор кәсіпорындары арасында ынтымақтастықты қамтамасыз ету және консорциумдарды құру болып табылады.

Бұл Гранттық бағдарлама бойынша жобаларды іске асыру мерзімі үш (3) жылдан аспауы тиіс. Консорциум кем дегенде бір ғылыми ұйымнан (ЖОО, ҒЗИ және т.б.) және кем дегенде екі бизнес өкілінен құралуы тиіс. Гранттың максималды мөлшері 650 млн. теңгені құрайды.

Конкурстың басталуы туралы хабарландыру және өтінімдерді қабылдау мерзімі Комитеттің http://sc.edu.gov.kz Жобаның www.fpip.kz сайттарында жарияланатын болады.

ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімі

Қазақ
× You found a Typo