Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Онлайн режиміндегі XXI республикалық «Абай оқуларының» облыстық кезеңі - 10 тамыз

Онлайн режиміндегі  XXI республикалық «Абай оқуларының» облыстық кезеңі  

Шығыс қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, сондай-ақ Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеу аясында ШҚО білім басқармасының «Дарын» дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми – әдістемелік орталығы 2020 жылғы 10 тамызда XXI Республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңін онлайн режимінде өткізеді.

Байқаудың мақсаты-қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылықты арттыру, Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығын насихаттау, оқушылардың мәдениетін, эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін қолдау және дамыту, поэзияға деген сүйіспеншілігін және ұлы ақындардың мұрасын тәрбиелеу.

Байқауға жалпы білім беретін және облыстық мамандандырылған мектептердің оқушылары қатысады.

Конкурс келесі номинациялардан тұрады:

1. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» – Абай шығармалары бойынша мәнерлеп оқу сайысы. Қазылар алқасы Абай шығармаларының ең көп санын бағалайды.

2. «Абайдың қара сөздері» - Абайдың қара сөздері бойынша мәнерлеп оқу сайысы. Қазылар алқасы Абайдың қара сөздерін жатқа білуді бағалайды.

3.«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» - Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармалары бойынша мәнерлеп оқу сайысы. Қазылар алқасы мәтіндерді, шеберлікті, мәнерлілікті бағалайды.

4. «Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін үздік орындау конкурсы.

5. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - өлең, ән, күй орындау сайысы.

6. «Ұлылар әлемі» - Абай мен Шәкәрім шығармашылығы туралы эссе жазу конкурсы.

Байқауға қатысушылар ақындардың барлық шығармаларын жатқа білуі керек.

Жеңімпаздар 1,2 және 3 дәрежелі дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі. Облыстық кезеңнің жеңімпаздары республикалық Абай оқуларына қатысады.

Қосымша ақпаратты мына мекен-жай бойынша алуға болады: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 ШҚ  ДпҚББ ДҒӘ «Дарын» орталығы немесе 8 (7232)75-26-91 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Ұйымдастыру комитеті

Қазақ
× You found a Typo