- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың математика кафедрасы Өскемен қаласы және Шығыс Қазақстан облысының 9-11-сынып оқушыларының арасында математикадан VІ Областық олимпиада өткізеді.
Олимпиаданы өткізу мақсаттары:
- математиканы меңгеруге деген танымдық қызығушылықты дамыту;
- 5В010900-Математика және 5В060100-Математика мамандықтарында оқу бойынша бітірушілерге кәсіптік бағдар беру.
Олимпиаданы өткізу міндеттері:
- математика пәні бойынша бітірушулердің білім деңгейлерін анықтау;
- оқушылардың есептерді шығаруда математикалық білімдерін қолдану біліктерін дамытуға жағдай жасау;
- оқушылардың шығармашылық, интеллектуалдық мүмкіндіктерін анықтау.
Олимпиаданы ұйымдастырушы: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың математика кафедрасы.
Олимпиада 2018 жылдың 6 сәуірінде Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі 148, аудитория 205 (С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың № 7оқу корпусы ) мекен-жайында күндізгі түрде өткізіледі.
Олимпиаданы өткізу регламенті: 6 сәуір.
09.00-10.00 – олимпиадаға қатысушыларды тіркеу;
10.00-10.20 – олимпиаданың салтанатты ашылуы;
10.20-13.20 – қатысушылардың тапсырмаларды орындауы;
13.20-13.50 – оқушылармен, мұғалімдермен және ата-аналармен кәсіптік бағдар бойынша жұмыс;
13.50-14.30- қорытынды, марапаттау, олимпиаданың жабылуы.
Қатысушыларды тіркеу 2018 жылдың 6-сәуірінде сағат 9.00. ден 10.00 ге дейін С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың № 7 оқу корпусында жүргізіледі. Тіркелуден өту үшін олимпиадаға қатысушыларда көрсетілген мектептерінде оқитындығы туралы анықтамалары болуы керек.
Олимпиаданы жүргізу тілдері: қазақ, орыс.
Қатысушыларды марапаттау:
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері олимпиаданың қорытынды кезеңінің нәтижесі бойынша анықталады. Олимпиаданың жеңімпаздары болып 1 дәрежелі дипломмен марапатталған олимпиаданың қатысушылары табылады. Олимпиада жүлдегерлері болып 2 және 3 дәрежелі дипломмен марапатталған олимпиаданың қатысушылары табылады.
Математика кафедрасы