Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Oskemen-kitap review -2019» - 23 cәуір

«Oskemen-kitap review -2019» - 23 cәуір

23 cәуір –  Бүкілодақтық кітап және авторлық құқық күні сағ. 11.00-де А.С. Пушкин атындағы кітапханада «Oskemen-kitap review -2019» көрме-жәрмеңкесі ашылады.

Мұнда  баспа, кітапсаудасы, ғылым-білім беру ұйымдары бір алаңға жиналып, оқырмандарды сан-алуан кітап өнімдерімен таныстырады. Мерекенің ерекшелігі – жергілікті баспаларда жарық көрген жергілікті жазушылар мен ғалымдардың Шығыс Қазақстан туралы қалам тербеген жаңа шығармаларын оқырман қауымға таныстыру. 

“Шығыс Ақпарат”, “Рекламный дайджест”, “Медиа Альянс”, “Шығыс Полиграф”, “Восток-Печать”, “Либриус”, сонымен бірге, ҚАЕУ, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ,  С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы соңғы жылдары жарық көрген  жаңа басылымдарды ұсынады.
Мысалы, "Артекс" баспа-полиграфия фирмасы қатысушыларды «Путеводитель по ВКО» атты жаңа басылыммен қуантады. Шығыс Қазақстанның таңғажайып орындары, киелі жерлері бойынша сипаттамалар, көз  тартарлық фотосуреттер мен полиграфиялық безендіру баршаның көңілінен шығады деп ойлаймыз.   
Ал "VitaМир", "Бестселлер", "Marwin" кітап саудасы компаниялары тәрізді кітапхананың серіктестері келушілерді балалар, көркем және ғылыми-танымдық әдебиеттердің мол таңдауымен таңдандырады.
Ал Пушкин кітапханасы келушілерге 2018-2019 жж. кітапхана қорына келіп түскен жаңа басылымдардың  көлемді көрмесін ұсынады. Көрмеден негізгі орын алатын басылымдар – белгілі ғалым-археологтар З.Самашевтің "Берель в истории кочевников Алтая" және  А.Т. Төлеубаевтың «Раннесакская Шиликтинская культура» еңбектері.
Кітап мерекесіне Борис Щербаков, Әлібек Қаңтарбаев, Бахытжан Раисова, Айтмұхамбет Қасымов, Советхан Қалигожин, Наталья Матвеева, Лариса Мартынова, Геннадий Пуссеп, Анатолий Лаптев, Андрей Кратенко тәрізді жерлес жазушылар шақырылып отыр.
Бағдарламаның жеке секциясы жас авторлар мен студенттерге арналады. Олар үшін шығармашылық сайыстар, 3D_арт-дизайнерлер байқауы, кітап безендірушілерге арнайы іс-шаралар ұйымдастырылады. Мерекеге мектеп оқушылары мен кішкентай балалар да қатысады. Олар үшін ұйымдастырушылар шығармашылық шеберлік-сағаттары, танымдық ойындар өтетін жеке балалар алаңын әзірлеуде. Ал ата-аналар кітап клубтары мен әдеби шеберханалар көрмелері, балалар орталықтары, театр үйірмелерімен танысады.
Мерекеге мәдениет қызметкерлері, мұғалімдер, студенттер, мектеп оқушылары мен кітапқұмар барша қауым шақырылады. Қатысам деушілерден ұжымдық тапсырыстар қабылданады.

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

 

Қазақ
× You found a Typo