- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Өскемендегі мерекелік іс-шаралар
9.00-ден Өзен вокзалында «Қаһарман ұлт» акциясына қатысушылар жинала бастайды.
10.00-де шеру Даңқ мемориалын бетке алады, ол жерде сағат 11.00-де Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.
11.30-да дәстүрге сай «Бипэк Авто – Азия Авто Қазақстан» компаниялар тобы әскери-тарихи реконструкция мұражайын ұсынады:
Мемориалдың өзінде «Мәңгі естен кетпес отты жылдар!» бағдарламасы өтеді:
12.00-де ҰОС ардагерлері мен қатысушыларына солдат ботқасы мен тағамдар ұйымдастырылады.
12.00-де «Император» СК алдындағы алаңда концерт, ретро-автомобильдер көрмесі, солдат ботқасы, балаларға арналған «Бейбітшілік көгершіні» акциясы, жеңіс ленталарын тарату, бір минут үнсіздік өтеді.
18.00-де Даңқ мемориалында театраландырылған қойылым басталады.
20.00-де «Шырағыңды жақ» акциясы, 21.00-де отшашу болады.
Ұйымдастыру комитеті