Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Пандемиялық дағдарыстан шығудың психологиялық жолдары» республикалық сырттай байқауы - 1-30 қыркүйек

«Пандемиялық дағдарыстан шығудың психологиялық жолдары» республикалық сырттай байқауы

Өткізу мерзімі: 2020 ж. 1-30 қыркүйек

Әлемдегі пандемиялық ахуал адамның тәніне де, жанына да кері әсер тигізіп отырғаны ақиқат. Теледидар, ғаламтор беттеріндегі жаңалықтар, көрші-қолаң, туған-туыс, бейтаныс жандар жайлы аянышты жағдайлар әр адамның санасында да, бейсанасында да қорқыныш сезімін оятуда. Психологиялық жарақат салдарынан күнделікті өмір, күн тәртібі өзгеруде.

Адамдар арасында күйзеліс, кикілжің жағдайлардың көптеп орын алуы, бойларын реніш, қорқыныш, ашу-ыза сезімі билеуі салдарынан, елімізде жантанушы, әлеуметтік қолдаушы, оқу, тәлім-тәрбие беретін мамандардың қолдап қолпаштауы ауадай қажет. Бастысы, әр жанның психикалық саулығын сақтап, нығайту.

Қатысушылар: Қазақстан Республикасы білім беру мекемелері, мектепке дейінгі білім беру мекемелері, жалпы білім беру мекемелері, психологиялық қолдау орталықтары, сауықтыру орталықтары мен колледж педагогтарын, педагог-психолог, әлеуметтік педагог мамандарын өз тәжірибелерімен бөлісуге шақырамыз.

Байқауға Сіз педагогикалық-психологиялық қызмет көрсету барысындағы кез келген жұмысыңызды ұсынып, жіберуіңізге болады: психодиагностикалық әдістеме, тренинг, кеңес, презентация, сурет, методикалық әдістеме, авторлық бағдарлама, эссе.

Байқауға келесі номинациялар бойынша жұмыстар қабылданады:

1. Дағдарыстан кейінгі психологиялық түзету жұмысы

2. Дағдарыстың алдын алу шаралары

3. Қашықтықтан оқу барысын психологиялық тұрғыда қолдау

4. Психологтың дағдарыс жағдайындағы ата-аналармен жұмысы

5. Психологтың дағдарыс жағдайындағы педагогтармен жұмысы

6. Дағдарыспен жұмыс жасаудың инновациялық әдістері

7. Сіз ұсынған номинация бойынша

 Байланыс: хат алмасу үшін, өтінімді, жұмысты, ұйымдастыру жарнасы туралы төлемді растау түбіртегін жіберу үшін қолданылатын электрондық пошта konkurs@artpsy.kz.

Телефон:, +7 775 326 82 92, +7 777 146 1414.

Ұйымдастыру комитеті

Қазақ
× You found a Typo