- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №230 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидаларына», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына» сәйкес профессор-оқытушылық құрамының бос лауазым орындарына конкурс жариялайды.
Кафедра меңгерушісі: қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу – 1; экономика және басқару – 1; психология және коррекциялық педагогика – 1; биология – 1; физика және технологиялар –1.
Кафедра профессоры: экономика және басқару – 1.
Кафедра доценті: қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу – 2; азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу – 3; экономика және басқару – 2; қаржы және есеп – 1; Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер – 1; қазақ, орыс филологиясы және журналистика – 3; психология және коррекциялық педагогика – 3; педагогикалық білім беру және менеджмент – 1; дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі – 1; биология – 1; экология және география – 1; химия – 2; математика – 2; компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар – 1; физика және технологиялар – 2.
Кафедраның аға оқытушысы: азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу – 2; экономика және басқару – 2; Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер – 1; қазақ, орыс филологиясы және журналистика – 2; шет тілдері және аударма – 4; психология және коррекциялық педагогика – 2; дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі – 3; экология және география – 1; математика – 1; физика және технологиялар – 1.
Кафедра оқытушысы: қаржы және есеп – 1; шет тілдері және аударма – 1; педагогикалық білім беру және менеджмент – 1; экология және география – 1; математика – 1.
Конкурсқа қажетті құжаттар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде тапсырылуы тиіс. Құжаттарды қабылдау 2018 жылғы 30 маусымда сағат 18.00-де аяқталады.
Үміткерлер өтінішке қоса мына құжаттарды тапсырады:
1) кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы; 2) өмірбаяны; 3) жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары; 4) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары; 5) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда); 6) №086 нысанындағы медициналық анықтама, 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6697 тіркелген); 7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.
Құжаттарды мына мекен-жайға тапсыру керек: 070019, Өскемен қаласы, Қазақстан к., 55, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, №309 каб., қызм.тел.: 8-7232-252-303, ұялы тел.: 8-747-498-66-59, 8-777-347-81-82
Егемен Қазақстан №101 (29332) 1 маусым 2018 жыл