Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Психология» мамандығының ашылуына 30 жыл толуына байланысты «Еуразиялық психологиялық ғылым және практика: пәнаралық үрдістер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция – 13-14 сәуір

«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ 2021 жылдың 13-14 сәуірінде «Психология» мамандығының ашылуына 30 жыл толуына байланысты «Еуразиялық психологиялық ғылым және практика: пәнаралық үрдістер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясының өткізілетіндігін хабарлайды.

Конференцияға қатысуға зерттеушілер, оқытушылар, докторанттар, магистранттар және студенттер шақырылады.

Конференция бағдарламасы келесі бағыттарды қарастырады:

1.  Пандемия жағдайындағы адам: мәселелер мен мүмкіндіктер.

2.  Адам мен әлеуметтік топтардың психологиясы: дәстүрлі және инновациялық зерттеулер.

3.  Инклюзивті білім беру: пәнаралық көзқарас.

4.  Қолданбалы психология және білім.

4.  Қолданбалы психология жеке тұлғаны және құқықтық мемлекетті қалыптастыру үшін.

5.  Экономикалық жүйелерді басқарудағы қолданбалы психология.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Өткізу орны: ZOOM онлайн режимінде.

Маңызды күндер

Күні

Іс-шараның атауы

1 сәуір 2021 ж. дейін

конференцияға қатысуға өтінімдерді қабылдауды аяқтау (нысанды төменде қараңыз)

5 сәуір 2021 ж. дейін

жинаққа ғылыми мақалаларды қабылдауды аяқтау (ресімдеу ережесін төменде қараңыз).

13 сәуір 2021 ж., сағ.14.00

«Еуразиялық психологиялық ғылым және практика: пәнаралық беталыстар» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ашылуы

14 сәуір 2021 ж., сағ.14.00

арнайы жастар секцияларын өткізу

Конференцияға қатысудың түрлері:

1. Баяндамамен / ғылыми мақаланы дайындаумен онлайн қатысу.

2. Баяндамасыз/ғылыми мақаламен онлайн қатысу.

3. Мақала дайындаумен сырттай қатысу.

Конференцияға қатысу үшін келеі құжаттарды ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына (anb777@yandex.ru) тиісті күндерге (жоғарыдан қараңыз) дейін жіберу қажет:

1) қатысушының өтінімі (төменде қараңыз);

2) баяндаманың/ төмендегі талаптарға сәйкес жасалған мақала.

3) қатысу жарнасының төленгендігін растайтын құжаттың көшірмесі. Төлем түбіртегінің сканерленген нұсқасы да электрондық пошта арқылы жіберіледі.

Жариялауға ұсынылатын мақалаларға қойылатын талаптар:

1. Конференция жинағына жариялау үшін редакцияланған және жетілдіруді талап етпейтін, түпнұсқалығы кем дегенде 70% болатын авторлық ғылыми мақалалар ғана қабылданады (ұсынылатын мақалалар антиплагиат жүйесі арқылы тексерілетін болады);

2. Мақалалар тек электронды түрде қабылданады. Мақаланың көлемі 5-10 беттен кем болмауы тиіс;

3. Жас зерттеушілердің (аспиранттар, магистранттар, бакалаврлар) мақалалары автордың ғылыми жетекшісімен келісілген болуы керек. Мұндай келісім мақаланың екінші авторы түрінде көрсетіледі немесе мақалада «ғылыми жетекші...» деп көрсетілуі қажет;

4. Жарияланымнан бас тарту үшін негіз: конференция тақырыбына және ғылыми деңгейіне, мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі немесе оларды беру мерзімдерінің бұзуылуы болып табылады.

Жариялауға ұсынылатын мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар:

1. Мақалалар электрондық форматта ұсынылады және ұйымдастыру комитетінің электрондық мекен-жайына жіберіледі (anb777@yandex.ru). Мақала файлы бірінші автордың тегі мен инициалдарын көрсету және астыңғы сызықтан кейін «мақала» сөзімен аталады (мысалы: Петров АВ_мақала)

2. Материалдарды рәсімдеу кезінде Microsoft Word редакторын пайдалану қажет; беттің форматы: бағдар - кітап, қаріп өлшемі – 14; Тип - Times New Roman, аралық интервал -1,0 жиектері (жоғарғы, төменгі, сол жақ, оң жақ) – 20 мм; туралану – ені бойынша; сілтемелер – парақтан кейінгі, тұтас, әдебиет – мәтіннің соңында. Мәтіндегі таңдау - курсивпен немесе «тырнақшамен», қалың қәріпсіз, разрядсыз немесе астын сызусыз. Пайдаланылған әдебиеттер көздеріне сілтемелер мәтін бойынша тік жақшада беріледі.

3. Мақалада келесі міндетті элементтер болуы керек:

3.1. Мақаланың мәліметтері: 1) ӘОЖ (сол жақта); қалғаны ортасына қарай - 2) автордың немесе авторлардың аты-жөні; 3) автордың (авторлардың) жұмыс орны, қаласы мен елі, электрондық мекен-жайы; 4) мақаланың немесе баяндаманың атауы; 5) аннотация; 6) түйінді сөздер.

Мақаланың атауы бас әріптермен ортасында әріптердің қалың бөлінуімен жазылады және тасымалданбауы керек. Мақала атауынан кейін келесі жолдың ортасында автор(лар)дың тегі, аты-жөні, содан кейін жұмыс орны (ұйым) көрсетіледі. Бір ұйымның авторларын қатар орналастырған жөн. Жұмыс орнын үтір арқылы белгілегеннен кейін қала мен ел, сондай-ақ электрондық мекен-жайы көрсетіледі. 

Аңдатпа мақаланың немесе баяндаманың мазмұнын көрсетіп, авторлар ұсынған негізгі идеялар мен болжамдарды сипаттайды, сондай-ақ нәтижелерді қысқаша, бірақ мазмұнды сипаттауы керек. Аңдатпа ретінде мақаланың немесе баяндаманың қайта жазылған атауын пайдалануға жол берілмейді. Аңдатпа көлемі 3-4 сөйлем.

Түйінді сөздер - мақаланың мазмұнын дәл көрсететін 5-10 сөз немесе сөз тіркесі. Сөздер үтір арқылы кіші әріптермен жазылады. Соңында нүкте қойылмайды.

3.2. Негізгі мәтін - көлемі 10 беттен аспайды. Мақала мәтіні авторлардың қалауы бойынша бөлімдерге бөлінеді. Бөлімдер нөмірленбейді. Тақырып бас әріптен басталып, мәтіннің сол жақ шеті бойынша тураланады. Сөздердің арасында бір бос орын болмауы керек. Әдебиетке сілтемелер цифрлармен тура жақшада пайдалануына қарай беріледі.

3.3. Қорытынды. Қорытындыда жұмыс нәтижелерінің шоғырланған мазмұны, негізгі тұжырымдар болуы керек.

3.4. Әдебиет. Әдебиеттер тізімінде 15 атаудан артық болмауы тиіс. Әдебиеттер тізімі МЕМСТ 7. 1-2003 сәйкес рәсімделеді. «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастырудың жалпы талаптары мен ережелері».

4. Әдебиеттер тізімінен кейін бос жолдан кейін мақала туралы ақпарат қазақ тілінде (егер түпнұсқасы орыс тілінде берілсе) және ағылшын тілінде: мақала атауы, автор(лар)ы, автор(лар) дың жұмыс орны, қала мен ел, түйін сөздер мен аңдатпа көрсетіледі. Ескертпе: қазақстандық емес авторлар орыс немесе ағылшын тілдерінде ұсынған мақалаларға қазақ тіліндегі (орыс тіліндегі мақалалар) және орыс және қазақ тілдеріндегі (ағылшын тіліндегі мақалалар) мақала туралы ақпаратты талап етпейді.

5. Мақаладағы кестелер, суреттер мен сызбалар тек сапалы зерттеулердің жалпыланған материалдары болуы керек. Суреттер анық және оңай жаңғыртылатын болуы тиіс, оларға мәтінде сілтемелер болуы тиіс. Суреттердің атаулары мен нөмірлері суреттің астында ортасында, шрифт өлшемі - 12 (1-сурет), кестелердің атаулары мен нөмірлері – кестелердің үстінде ені бойынша, шрифт өлшемі - 12 (1 - кесте) көрсетілуі тиіс.

Мақалаларды рәсімдеу үлгісі

ӘОЖ 669.162.214

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОО-нда БОЛОН ПРОЦЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІН ІСКЕ АСЫРУ

(14pt)

КЫРЫКБАЕВА А.К.1, ТОКСАНОВ Н.С.2 (14pt)

1С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті Өскемен қ, Қазақстан е-mail

2Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Техникалық Университеті Өскемен қ, Қазақстан

(12 pt)

Аңдатпа. (3-4 сөйлем) (12 pt)

Түйінді сөздер: (5-10 сөз) (12 pt)

Кесте 1 – ........ жүйесі бойынша кредиттерді санау (12 pt)

Бакалавриат

(4 жыл)

Магистратура

(2 жыл)

Магистратура

(1,5 жыл)

Докторантура

(3 жыл)

Кредит саны

Кредит саны

Кредит саны

Кредит саны

 

58qUp8Jy3H1c4Eb5VS7L2eb9WaH8gS 

Сурет 1 – Аталуы (12 pt)

Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. (14 pt)

Әдебиеттер тізімі (12 pt)

1. 1. Пененко В.В., Алоян А.Е. Модели и методы для задач охраны окружающей среды. - Новосибирск: Наука, 2018. - 54 с.

2. Марчук Г.И. Математическое моделирование в проблеме окружающей среды. – М.: Наука, 2017. - 192 с.

Мақала туралы ақпарат қазақ тілінде (егер түпнұсқасы орыс тілінде берілген жағдайда) және ағылшын тілінде:

мақала атауы,

автор(лар),

автор(лар)дың жұмыс орны,

қала және ел,

түйінді сөздер мен аңдатпа

Электронды форматтағы жинақ үшін ұйымдастыру жарнасы 1500 теңге (бір мақала үшін), рубль бағамы бойынша - 274 рубль, доллар бағамы бойынша - 3 АҚШ доллары. Ұйымдастыру жарнасын «Еуразиялық психологиялық ғылым және практика: пәнаралық беталыстар» конференция жұмысына қатысқаны үшін» деген міндетті белгімен келесі есепшотқа аударылсын: «Қазақстан Халық банкі» АҚ ШҚО бөлімшесі ЖСН 181800014976, ИИК KZ256010151000018216, БИК HSBKKZKX,  БИН 990240007414,  КБЕ 16:, КНП 859, КЕАҚ «С. Аманжолов атындағы ШҚУ».

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар алады:

- конференция қатысушысының дипломы (электрондық нұсқа) – электрондық пошта арқылы;

- ғылыми еңбектердің электрондық жинағы (файл pdf форматында) – электрондық пошта арқылы.

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ

Қазақстан Республикасы, 070019, Өскемен қ., 30-шы Гвардия дивизиясы к-сі,34, С.Аманжолов атындағы ШҚУ КАҚ, №1 оқу ғимараты, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі, 243 каб., тел: 8 (7232) 540-311.; каб. 127. Психология және коррекциялық педагогикасы кафедрасы

Байланыс телефондары:

Мақалалар бойынша сұрақтар - Барабанова Елена (8 777 155 02 60), Кукина Юлия (8 705 239 79 75)

Байланыс электрондық поштасы (e-mail): anb777@yandex.ru

ЕГЕР СІЗ КОНФЕРЕНЦИЯ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ ӘРІПТЕСТЕРІҢІЗГЕ ТАРАТСАҢЫЗ, БІЗ СІЗГЕ РИЗА БОЛАМЫЗ!

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-де «Психология» мамандығының ашылуының 30 жылдығына арналған «Еуразиялық психологиялық ғылым және практика: пәнаралық беталыстар» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция

(2021 ж. 13-14 сәуір)

Тегі

 

Аты

 

Әкесінің аты

 

Қала, ел

 

Жұмыс орны

(ұйымның / мекеменің / факультеттің, кафедраның толық атауы)

 

Лауазымы, ғылыми дәрежесі және атағы

 

Хат алмасу үшін E-mail

 

Телефон (ұялы телефон)

 

Секция атауы

 

Баяндама/мақала атауы

және оның авторлары (әрбір авторға жеке өтінім ресімделеді)

 

Қатысу түрі:

1. Баяндамамен / ғылыми мақаланы дайындаумен онлайн қатысу.

2. Баяндамасыз/ғылыми мақаламен онлайн қатысу.

3. Мақала дайындаумен сырттай қатысу.

 

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ (СТУДЕНТТЕР МЕН МАГИСТРАНТТАР ҮШІН)

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-де  «Психология» мамандығының ашылуының 30 жылдығына арналған «Еуразиялық психологиялық ғылым және практика: пәнаралық беталыстар» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция

(2021 ж. 13-14 сәуір)

Тегі

 

Аты

 

Әкесінің аты

 

Қала, ел

 

Оқу орны

(ұйым /факультет, кафедра)

 

Мамандық

 

Курс

 

Жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты (толығымен)

 

Ғылыми жетекшінің жұмыс орны (құрылымдық бөлімшенің, факультеттің, кафедраның толық атауы)

 

Жетекшінің лауазымы, ғылыми дәрежесі және атағы

 

Хат алмасу үшін E-mail 

 

Телефон (ұялы телефон)

 

Секция атауы

 

Баяндама/мақала атауы және оның авторлары (әрбір авторға жеке өтінім ресімделеді)

 

Қатысу түрі:

1. Баяндамамен / ғылыми мақаланы дайындаумен онлайн қатысу.

2. Баяндамасыз/ғылыми мақаламен онлайн қатысу.

3. Мақала дайындаумен сырттай қатысу.

 

Өтінімнің барлық жолдары міндетті түрде толтырылуға жатады.

Электрондық пошта арқылы anb777@yandex.ru мекен-жайына жіберілген өтінім файлы  бірінші автордың тегі мен инициалдарын көрсету және астыңғы сызықтан кейін «өтінім» сөзімен аталады (мысалы: Петров АВ_өтінім).

Ұйымдастыру комитеті 

Қазақ
× You found a Typo