Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

QazaqGeography сіздерді «Хан Қорық» жастар фестиваліне қатысуға шақырады - 24-30 шілде

«Хан - Қорық» жастар фестивалі – жастардың бойындағы Отанға, тарихқа, мәдениетке деген махаббатын арттыруға бағытталған QazaqGeography –мен өткізілетін жыл сайынғы іс-шара. Фестивальге Қазақстан ЖОО студентері және байқау нәтижесінде іріктелген QazaqGeography-ның мүшелері қатысады. Фестиваль мақсаты жастарды ұлы даланың, еліміздің табиғи қорықтармен, тарихи-мәдени ескерткіштерімен таныстыру болып табылады.

2017 жылы жастар фестивалі басты идеялары Елбасымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғырту» бағдарламалық мақаласында мазмұндалған «Туған жер» бағдарламасын және «Қазақстанның киелі жерлері» жобасын іске асыру аясында өтеді. Негізгі серіктесі – Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты мен «Павлодар География үйі» Қоғамдық бірлестігінің қолдауымен фестиваль 2017 жылғы 24-30 шілде аралығында Павлодар облысындағы Баянауыл ұлттық паркінің базасында өтеді.

Павлодар қаласына дейін және кері қайту жол шығындарды қатысушылар өздері төлеуі тиіс. Павлодар облысында жүру, тұру және тамақтану шығындары QazaqGeography тарапынан төленеді.

«Хан Қорық» жастар фестиваліне қатысудың қажет шарты QazaqGeography қоғамында мүшелік болып табылады. Мүшелікті онлайн түрінде www.qazaqgeography.kz сайтында рәсімдеуге және жаңартуға болады. Фестивальге қатысу үшін 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін өтінімді толтыруыныз қажет.

Студенттер мен жас ғалымдардың

ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы

Қазақ
× You found a Typo