Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«QAZAQTANÝ» respýblikalyq gylymi jýrnaly Республикалық ғылыми журналының жариялым ережесі

«QAZAQTANÝ» respýblikalyq gylymi jýrnaly Республикалық ғылыми журналының жариялым ережесі

Журналдың мақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасына және  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіғ Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылы 20 қарашадағы «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыруға ғылыми қолдау көрсету. Көтерілген мәселелерді жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең зерттеулерді іске асыру. Қазақстандық ғалымдармен қатар шетелдік мамандарды да тартып, халықаралық көпбейінді ұжым құру негізінде зерттеу жұмыстарын жүйелендіру. Тарихи сананы жандадыру және қалыптастыру бастамасына ықпал ету, филология, заң, педагогика және мәдениет саласында негізгі маңызды және идеяларды кең ауқымды ортаға тарату.

Журналда ғылыми немесе ғылыми-практикалық маңыздылығы бар ғалымдар, оқытушылар, магистранттар, докторанттар және бағыты бойынша өндіріс қызметкерлерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелері жарияланады. Журнал фундаменталды және қолданбалы зерттеулер саласындағы өзекті мәселелер бойынша аналитикалық, шолу және проблемалық сипаттағы ғылыми мақалаларды, дискуссиялық материалдарды төмендегі бағыттар бойынша жариялайды:

  • гуманитарлық ғылымдар

-Қазақстан тарихы; Еуразия кеңістігіндегі зерттеулер; -тарих;

-түркітану; -мұрағат және мұражай ісі; -археология; -этнология; -заңтану; -саясаттану; -философия; -мәдениеттану; -халықаралық қатынастар; -экономика;

  •  педагогика ғылымдар және шығармашылық бағыттар

- педагогика; -өнер және дизайн; - музыка;

  • филологиялық ғылымдар.

Журналға мақала жариялау мүмкіндігі туралы редакциялық алқаның қорытынды сараптамасының негізінде жасалады, оның құрамын М.Әуезов атындағы ОҚМУ Ғылыми Кеңесі бекітеді.

• тілдер - қазақ, орыс, ағылшын.

• мерзімділік - жылына 4 рет.

Мақалаларды рәсімдеу талаптары

            1. Мақала мәтіні қағаз және электронды түрде ұсынылады. Мәтін Microsoft Word мәтіндңк редакторында Times New Roman шрифтимен терілген болуы тиіс, негізгі мәтін шрифтінің көлемі 12 p.t., сызбалар, диаграммалар - 11 p.t., жоларалық интервал - біреулік, тармақтың басындағы шегініс - 1,0, мәтінді енін бойлай теңестіру қажет.

            2. Бет параметрлері: A4, жиегі: сол жағы - 2 см, оң жағы - 2 см, жоғары жағы - 2 см, төменгі жағы - 2 см.

            3. Мақаланың жалпы көлемі, оның ішінде кестелер, иллюстрациялар және әдебиет тізімін қоса есептегенде - 3-тен 10 бетке дейін.

            4. Мақала тақырыбы қысқаша болуы және мақаланың мазмұнын көрсетуі қажет

            5. Қазақ тіліндегі мақалалар үшін аннотация және abstract, орыс тіліндегі мақалалар үшін  түйін и abstract, ағылшын тіліндегі мақалалар үшін түйін и аннотация болуы міндетті. Аннотации, түйін және abstract мазмұны бірдей болуы және сөздердің саны 100-150 болуы қажет.

            6. Автор (лар) туралы ақпаратта мына мәліметтер болуы қажет: толық аты-жөні, академиялық дәрежесі, ғылыми атағы, мекеменің атауы, қала, мемлекет.

Мақала құрылымы

1. ӘОЖ (әмбебап ондық жүйе) - жоғарғы сол жақ бұрышта (11 p.t.).

2. Автор (лар)дың толық аты-жөні (12 p.t.).

3. Лауазымы, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, мекеменің атауы, қала, мемлекет (11 p.t.).

4. Мақала атауы – мақаланың тілінде, Caps Lock 12 p.t.

5. Түйін - мақала тілінде, 11 p.t.

Түйін - ғылыми жұмыстың қысқаша мазмұны. Түйіннен оқырман зерттеудің мәнін түсінуі қажет. Жұмыстың нәтижесі өте дәл және ақпаратқа толы түрде сипатталады. Мәтінде маңызссыз ақпарат, қосымша кіріспе сөздер, жалпы және шамалы тұжырымдар, қысқартулар, әдебиеттерге сілтемелер болмауы керек. Түйін бір абзацта жазылуы қажет. Сапалы өңделген және аударылған түйін мақалаға деген қызығушылықты, сондай-ақ шетелдік әріптестердің мақалаға сілтеме жасау мүмкіндігі арттырады.

6. Кілттік сөздер - 10 сөзге дейін, 11 p.t.

7. Мақаланың мәтіндік бөлімі (12 p.t.). Мақаланы тақырыптар арқылы жазу қажет, мысалы:

Кіріспе (міндетті), Теориялық талдау, Тәжірибелік бөлім, Нәтижелер мен талқылау. Қорытындылар (міндетті), Белгілер, Әдебиеттер тізімі (міндетті). Тақырыптар нөмірленбейді.

Кестелер мен суреттер мәтенде аталғаннан кейін орналасуы керек. Әр кестенің атауы болуы қажет. Суреттер анық, сканерленбеген болуы қажет. Сурет асты жазба үлгісі: Сурет 1.  Тәуелділік .........: а - ... ; ә - ...

Барлық аббревиатуралар мен қысқартулар, бұраннан белгілілерін қоспағанда, мәтінде бірінші рет айтылған кезде толық жалуы қажет.

8. Әдебиеттер тізіміне тек мәтінде сілтемелер жасалаған және жарияланған немесе жариялануға қабылданған жұмыстар ғана ене алады. Әдебиет көздері мәтінде қолданылған ретімен нөмірленуі қажет. Өз-өзіне жазалған сілтемелер саны жалпы тізімнің 20-30% -ынан аспауы қажет. 10-15 жылдан аспайтын әдеби көздер тізімні кемінде 70% болуы қажет.

9. Түйін (қазақ тіліндегі мақалалар үшін орыс және ағылшын тілдерінде, орыс тіліндегі мақалалар үшін қазақ және ағылшын тілдерінде, ағылшын тіліндегі мақалар үшін қазақ және орыс тілдерінде болуы қажет).

10. Қатынас хаттар үшін жауапты автор туралы ақпарат: толық аты-жөні, телефон нөмірі, электронды поштасы. «Қазақтану» ғылыми журналының жауапты редакторы – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Жанысбекова Г.А., техникалық редактор -  тарих магистрі, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің бас менеджері Торгаутова Ш.А., корректор - «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің әкімшісі Құдайбергенова А.С.

Журналдың редакциясында жариялауға ұсынылған барлық мақалалар плагиатқа тексеріледі. Мәтіннің жеке-даралығы 70% -дан аз болған жағдайда, мақала жариялауға қабылданбайды.

Редакция мекен-жайы: Шымкент, Тәуке-хан даңғылы №5, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, бас ғимарат, 2 қабат, 261 кабинет «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі, телефон: +7 (7252) 21-16-37, e-mail: amirbaevag@mail.ru,   torgautova82@mail.ru.

Жариялым құны – 3500 теңге. Төлемақыны мақаланы өткізер кезде қолма-қол ақшамен немесе банк арқылы төлеуге болады.

Банк рекизиттері: АҚ «Еуразиялық банкі»,

«М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК

СТТН 582100003432

ЖСК KZ 9894815KZT22032170 (KZT)

ЖСКKZ0294815EUR22030240 (EUR)

ЖСК KZ8494815RUB22030380 (RUB)

ЖСК KZ3294815USD22030617 (USD)

БСК EURIKZKA

Коды 16

БСН 990240005557

ҚҰЖЖ 39140473

ЭҚТЖЖ коды 85420

ӘАОЖ коды 511013100

ЖСН:590217402425

Мақала жариялау жөніндегі барша сұрақтар бойынша техникалық редактор редактор Торгаутова Ш.А. +7(7252)30-08-57 телефон нөмірі бойынша хабарласуыңызға болады.

Қосымша1

ӘОЖ 541.18 (шрифт көлемі – 11 p.t.)

 

Аскарова Г.А. (12 p.t.)

ф.ғ.к, доцент, М. Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан (11 p.t.)

егер бірнеше автор болса келесідей рәсімделеді:

 

Тоқтаров Д.К1., Жұмағулов Е.М1., Айдарбекова Д.Б2., Дәрібеков С.Н3.

1 т.ғ.д., профессор, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды, Қазақстан

1 т.ғ.к., доцент, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды, Қазақстан

2 аға оқытушы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразияұлттық университеті, Астана, Қазақстан

3 т.ғ.к., доцент, Nazarbayev University, Астана, Қазақстна

 

 

ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСЫ (12 p.t.)

 

Түйін (11 p.t.) 100-150 сөз болуы қажет

Кілттік сөздер (11 p.t.)

Негізгі мәтін (12 p.t.)

Әдебиеттер тізімі (12 p.t.)

Аннотация (11 p.t.) 100-150 сөз болуы қажет

Abstract (11 p.t.) 100-150 сөз болуы қажет

 

Қатынасхаттар үшін жауапты автор туралы ақпарат

 

Қосымша 2

Әдебиеттер тізімін рәсімдеу

Кітап (монография, жинақ):

Рамм В.М. Газдар абсорбциясы. Алматы: Химия, 1976, 352б.

Механика жидкости и газа / Под ред. Швыдкого В.С. М.: Академкнига, 2003, 288с.

Separation and purification / Eds. Perry E.S., Smith J. Amsterdam: Elsevier, 2008, 357p.

Справочник химика. Т. 3. М.: Химия, 1984, 293с.

Паустовский К.Г. Золотая роза // Собр. соч.: В 7 т. М., 1984. Т. 3. С. 287-528.

Диссертацияның немесе диссертация авторефераты:

Иванов А.А. Диссертация атауы. Дис. … хим. ғылым. канд. М.: Институт, 2001, 189б.

Иванов А.А. Диссертация атауы. Дис. … техн. ғылым. докт. М.: Институт, 2001, 189б.

Иванов А.А. Диссертация атауы. Автореф. дис. … техн. ғылым. докт. М.: Институт, 2001,  189б.

Жарияланбаған құжат:

Латыпов А.Р., Хасанов М.М. (2004) Геология және өндіріс. Компьютерлік бағдарламаның ресми тіркелуі туралы куәлік. No. 2004611198. (Жарияланбаған).

Интернет-ресурс:

Әдебиеттер тізіміне сілтемелер жасау ережесі. Мына сілтемеде: http://www.scribd.com/doc/1034528/ (7 ақпан 2011 ж.).

Нормативті құжаттар:ГОСТ 8.586.5-2005. Методика выполнения измерений. Измерение расхода и количества жидкостей и газов с помощью стандартных сужающих устройств. М.: Стандартинформ, 2007, 10с.

Патенттер мен авторлық куәліктер:

Иванов А.А. Атауы. Пат. 2120853 ҚР. 2000.

Smith J. Название. Pat. 4859376 USA. 2012.

Иванов А.А. Название. А. с. 163514 СССР // Б. И. 1967. № 16. С. 44.

Журналдағы мақалалар:

Аксартов Р.М., Айзиков М.И., Расулова С.А. Леукомизинді сандық анықтау әдісі // ҚазҰУ хаб., Хим. сер., 2003, Т. 1. № 8, Б. 40-41. doi: … (бар болған жағдайда)

Smith J., Weber H. Name of the article. // Chem. Eng. Sci., 1988, V. 99, № 5, Р. 86.

Жалғастырмалы басылымдағы мақала (еңбектер жинағы):

Георгиева Р.С. Мақала атауы // Биология институтынығ ғылыми еңбектер жинағы. Алматы, 2004, Б. 214-217.

DOI-дан алынған мақала:

Иванов А.А. Атауы. Ресей электрохимия журналы, 2008, Т. 44, №. 8, б. 926-930. doi: 10.1134/S1023193508080077

Конференция материалдары:

Иванов А.А. Баяндама атауы. IV ғылым. конф. (толық атауы) баяндамалар тезисі. Ташкент, 2014, Б. 77-81.

Smith J. Name of the article. Proc. 7th World Congr. of Chemical Engineering. Glasgow, 2005, P. 112-117.

Есептер:

Есеп № 81047478. ҚазКСР ҒА МжБИ. Үрдістердің кинетикасы мен химизмін зерттеу. Алматы, 2003, 240 б.

Қосымша 3

Әдебиеттер тізімін рәсімдеу үшін әріптерді қазақ әліпбиінен ағылшын әліпбиіне транслитерациялау үлгісі

Қазақ әліпбиі

Транслитерация

А

а

Ә

A̋ a̋

Б

b

В

v

Г

g

Ғ

Ġ ġ

Д

d

Е

е

Ё

уо

Ж

zh

3

z

И

i

Й

j

К

k

Қ

Ķ ķ

Л

1

М

m

Н

n

Ң

Ņ ņ

О

o

Ө

Ô ô

П

p

Р

r

С

s

Т

t

У

u

Ұ

U̇ u̇

Ү

Ù ù

Ф

f

X

x

Ц

cz, c

Ч

ch

Ш

sh

Щ

shh

һ

Ъ

``

Ы

y`

Ь

`

Э

e`

Ю

yu

Я

ya

 

Қазақ
× You found a Typo