25 мамырда сағат 11.00-де С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың №1 корпусында «Рухани жаңғыру» конференц-залында «Ресей – Қазақстан: мәдениетаралық диалог жаһандану кезеңіндегі мәдениетті дамыту факторы ретінде» халықаралық дөңгелек үстелі өтеді.
Жиында Қазақстан мен Ресейдің ғалымдары, қоғамдық ұйымдарының, ғылыми-зерттеу орталықтарының жетекшілері баяндама жасайды. Бағдарламада екі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саладағы қарым-қатынастарының дамуын, мәдениетаралық диалогты қамтамасыз ету мәселелерін, білім, ғылым, жастар саясатын іске асыру және т.б. салалардағы ынтымақтастығын зерделеуге арналған баяндамалар бар.
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы
«Алтайтану» ҒЗО