Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Роботтар жарысының аймақтық іріктеу кезеңін өткізу

Роботтар жарысының аймақтық іріктеу кезеңін өткізу

Өткізілетін уақыты: сағат 10:00.

Өткізілетін орны: Өскемен қаласының химия-биологиялық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Комсомол көшесі, 43/1.

10 қыркүйек сағат 10:00 Өскемен қаласының химия-биологиялық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткізілетін Бүкіләлемдік Робототехника Олимпиадасы (World Robot Olympiad) ережелері негізінде ұйымдастырылып отырған Роботтар жарысының аймақтық іріктеу кезеңін өткізу жоспарланып отыр.

Жарыс үш категория бойынша өткізіледі:

1. Негізгі

-   Кіші (12 жасқа дейін) – «Чистый путь к школе»

-   Орта (13-тен 15 жасқа дейін) – «Сортировка перерабатываемых отходов по бакам»

-   Ересек (16-дан 19 жасқа дейін) – «Завод по переработке отходов».

2. Шығармашылық «Борись с отходами!»

-   Кіші (12 жасқа дейін)

-   Орта (13-тен 15 жасқа дейін)

-   Ересек (16-дан 19 жасқа дейін)

3. Роботтар футболы (10-нан 19 жасқа дейін)

Жалпы командалар саны шектеусіз. Бір команда екі қатысушы мен бір бапкерден тұруы керек.

Барлық категориялар бойынша жарыстардың ережелері http://wro.nis.edu.kz/  сайтының ПРАВИЛА, РЕГЛАМЕНТЫ бөлімінде жарияланған. 

Жарысқа қатысушылардың тіркелуі үшін тіркеудің электронды түрін толтыру қажет (http://wro.nis.edu.kz сайтының РЕГИОНАЛЬНЫЕ ЭТАПЫ – ВКО бөлімінде).

Жарыстың «Негізгі», «Шығармашылық», «Роботтар футболы» категорияларынан бірінші орынға ие болған командалар 2016 жыл қазан айының 1-2 күндерінде Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі қабырғасында өткізілетін Республикалық Олимпиадаға бағытталады.

Жарыс нәтижелері бойынша 2016 жылы Индия мемлекетінің Дели қаласында өткізілетін Робототехникадан Бүкіләлемдік Олимпиадаға қатыстырылатын Қазақстанның құрама командасын анықтау жоспарланып отырғандықтан, Олимпиада іріктеу түрінде өткізіледі.

Олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысындағы барлық мектептер, гимназиялар оқушылары және жоғарғы оқу орындары, колледждердің студенттері қатыса алады.

Жауапты - Кабланбекова Бахтыгуль Амиргазиновна,   тел: 8 777 982 83 14.

Қазақ
× You found a Typo