Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде «Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы»жобасы бойынша жүзеге асырылған жұмыстарды қорытындылауға арналған дөңгелек үстел туралы - 12 желтоқсан

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде «Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы»жобасы бойынша жүзеге асырылған жұмыстарды қорытындылауға арналған дөңгелек үстел туралы

Күні: 12 желтоқсан.

Уақыты: 11:00.

Өткізілу орны: Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы, Тәуелсіздік даңғылы, 68.

Ұйымдастырушылар: Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы.

Қатысушылар:этно-фольклорлық экспедицияның мүшелері, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Рухани жаңғыру» кафедрасының қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және БАҚ.

Мақсаты: Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде «Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы» жобасы аясында өткізілген фестивальдер мен экспедициялардың жұмысын қорытындылау. Сонымен қатар, Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының жыл көлемінде атқарған жұмысын қорытындылау.

Қосымша ақпарат: Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында 2018 жылға 300-ге жуық іс-шаралар өткізілді, онда 75 мыңнан астам адам қатысты.

«Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы» жобасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында фестивальдер өткізілді.

Жобаға 10 мыңнан астам адам қатысты. Оның ішінде аса ерекшелінгендер «Бабалар мұрасы» қазақ мәдениеті, татар халқының «Сабантойы», «Ертіс әуендері» орыс өнер фестивалі. Сонымен қатар, мәдени мұраларымыз бен халықтық фольклорымызды қайта жаңғыртуға арналған 3 экспедиция тобы құрылды. Халқымыздың көне аңыз-әбсәнә, жыр-дастандарын, халықтық фольклордарды қайта жаңғырту мақсатында жұмыстар жүргізілді. Айта кету керек, экспедициялық топтар біздің облыстың барлық аймақтарында болды.

Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы

 

Қазақ
× You found a Typo