Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Рухани жаңғыру»: Бориса Щербаковтың «Жидебайдың жұлдызды даласы» кітабының тұсаукесері - 3 қараша

3 қарашада сағат 15.00 де А.С. Пушкин атындағы кітапханада «Жидебайдың жұлдызды даласы» – «Звёздная степь Жидебая» кітабының презентациясы өтеді.

«Енді кемеңгер, ұлы Абай дәуірін қайтару мүмкін емес, сондықтан мен ақын өмір сүрген,

өшпес шығармаларын жазған, сүйген жандарымен кездескен жерлерге көңіл тоқтаттым...

Жазушы, ғалым Борис Васильевич Щербаков өзінің «Жидебайдың жұлдызды даласы» – «Звёздная степь Жидебая» жаңа кітабының алғысөзін осындай тамаша сөздермен бастаған екен.

Абай шығармашылығын ақын туып-өскен Жидебай өңірінің рухани кеңістігіне терең бойлап, сезіну арқылы зерттеу, Борис Васильевичке Абай шығармаларының ақиқатын ұғынуға жол ашты.

Автор жылдар бойы Жидебай туралы кітап жазуды армандады. Абайдың табиғаттың жаңаруы, халық тағдыры, өмірінің шуақты сәттері бейнеленген шығармаларының әсерін ақынмен бірге бастан кешу – Б.В. Щербаковты өз Абайын табуға және оны ақынның шағын отаны арқылы тануға жетеледі.

Ол осының бәрін Жидебайда ғана сезіне алды ... Абайға барар жолды оның жүріп өткен ізінен іздеу, Қазақстанның рухани жаңғыруына апаратыны сөзсіз, оның қазіргі күні барша қазақстандық үшін маңызы үлкен.

Біз жаңа тарихи дәуірдің алдында тұрмыз, ал, Абай біздің санамыз бен мәдениетімізді, рухымызды жаңа деңгейге көтеретін жол көрсеткіш жарық жұлдыз іспетті. Оның даналық ойлары біздің еліміздің жаңаша сапалы дамуына күш беріп, жол ашады. Бұл – президеніміз Н.Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: рухани сананы жаңғырту» мақаласында айтқан рухани жаңғыруы.

Автор кітабында Жидебай елі мен жерінің қасиетін, тарихын, Қазақстанды бүкіл әлемге танытқан әйгілі адамдары туралы жеткізе әңгімелеген. Жидебайдың көрікті табиғаты, ұлы ақын туып-өскен мекеннің киелі орындары ерекше суреттелен. Кітаптың әр бөлімі Жидебай туралы қызықты мағлұматтар беріп, оқырманды осы қасиетті мекенге жақындата түседі.

Сіздерді 3 қараша сағ. 15.00-де А.С. Пушкин атындағы кітапханада Б.В.Щербаковтың «Жидебайдың жұлдызды даласы» – «Звёздная степь Жидебая» кітабының презентациясында күтеміз.).

А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

 

 

Қазақ
× You found a Typo