- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
7 ақпанда, сағат 15.00-де кітапхананың жаңа әліпбиді оқып-үйрену орталығында «Жаңа әліпбиді оқып-үйренеміз» екінші онлайн бейне- сабағы өтеді. Бейнежазба сабақты Алматы қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғылыми жұмыс жөніндегі директорының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты Фазылжанова Анар Мұратқызы жүргізеді.
Лингвист ғалыммен онлайн-кеңеске жоғары оқу орындарының, колледждердің және жалпы білім беру мектептерінің оқытушылары,филологтар, филология факультетінің студенттері шақырылады.
А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы