«Рухани жаңғыру-Мәңгілік ел болашағы»
Өтетін уақыты: 6 желтоқсан, сағат 17.00
Өтетін орны: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, акт залы (Қазақстан көшесі, 55)
Өскемен қаласында «Рухани жаңғыру» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру – Мәңгілік ел болашағы» атты фестиваль өткізіледі. Фестивальде Елбасының бағдарламасында қойылған міндеттерді жүзеге асыруда облысымыздың жобалық штабтардың және қызметкерлерінің еңбегі қортындыланады.
Фестивальге облыстың қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, барлық қала және аудандық штабтардың басшылары мен мамандары, жоғары оқу орындарының өкілдері мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысады.
Фестиваль барысында үздіктер марапатталып, алғыс хаттар табыс етіледі. Облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған байқау қорытындысы жарияланып, «Жылдың Үздік жобасы», «Үздік «Рухани жаңғыру» штабы», «Кіші бағдарламалардың үздік менеджері», «Үздік «Руханижаңғыру» кабинеті» номинациялары бойынша жеңімпаздар марапатталады. Сонымен қатар Бағдарламаны жүзеге асыруда белсенділік танытқан жеке тұлғаларға да алғыс хаттар табысталады.
Шығыс Қазақстан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында 18 аймақтық жоба жүзеге асырылуда. Жобалар білім беру, мәдениет, қазақ алфавитінің латын графикасына көшу, облыстың киелі жерлерін жаңғырту бағыттарын қамтиды. 19 қалалық және аудандық штаб бар, онда 118 маман қызмет етуде. Ағымдағы жылдың басынан облыс бойынша 2 мыңнан астам іс-шара өткізілді. Өңірлік орталықтың ұйымдастыруымен 5 ауданаралық семинар өткізіліп, 200-ден астам маман оқытылды.