Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Рухани жаңғыру» онлайн-марафоны: «Кемел білім-ел болашағы» - Аятжан Ахметжанұлы

«Рухани жаңғыру» онлайн-марафоны: «Кемел білім-ел болашағы» - Аятжан Ахметжанұлы

А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен «QAZBILIM» орталығының директоры Аятжан Ахметжанұлымен «Кемел білім - ел болашағы» атты тақырыпта онлайн сұхбат өткізіледі. Тіклелей эфир Facebook әлеуметтік желісінде @Аятжан Ахметжанұлы парақшасында 6 тамыз күні 18.00-де өтеді.

Аятжан Ахметжанұлы Республикалық «QAZBILIM» орталығының директоры, «Қазбілім» порталының бас редакторы, химия ғылымдары PhD докторанты, ақын, блогер, қазіргі таңда Тәуелсіз Қазақстандағы білім саласын жоғарғы деңгейге көтеру, сауатты білім ұрпақ тәрбиелеу жолында өзіндік еңбек етіп келе жатқан таңдаулы жас ғалым.

2013 жылдан бері ұрпақ тәрбиесі мен біліміне үздіксіз үн қосып келе жатқан «Қазбілім» порталы ұжымы қазақ баласының ертеңгі бəсекеге қабілетті ұлт тұлғасы болып жетілуі үшін ұлттық тәрбиені өзек еткен бағдарламалар негізінде Республикалық QAZBILIM орталығы болып құрылып, өз жұмысын 2016 жылы ақпан айында бастады. Орталық Аятжан Ахметжанұлының жетекшілігімен қосымша білім беру, ақпараттандыру, оқу әдістемелік құралдарын дайындау бағыттарында қызмет атқарады. Орталықтың Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында бөлімшелері, 100-ге тарта мұғалімі бар.

Аятжан Ахметжанұлы білім саласына реформа жасау бағытында тың ұстанымдары мен өз бастамасын ұсынып келеді.

«А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» КММ

Қазақ
× You found a Typo