Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Рухани жаңғыру» онлайн-марафоны: «Мен бір жұмбақ адаммын» (Алмахан Мұхаметқалиқызы) - 7 тамыз

«Рухани жаңғыру» онлайн-марафоны: «Мен бір жұмбақ адаммын» 

7 тамыз күні 17.00 - де Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, абайтанушы, Нұр-Сұлтан қ. Абай атындағы №87 мектеп-гимназиясындағы «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының жетекшісі, Алмахан Мұхаметқалиқызымен «Мен бір жұмбақ адаммын» тақырыбында онлайн сұхбат Инстаграмм желісі @barshyn_abilgazinova  парақшасында өеді.

Ұлттың биігі, халықтың жүрегі - хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған тікелей эфирде Абай Құнанбайұлының өмірі  мен шығармашылығы туралы сөз қозғалады.

Алмахан Мұхаметқалиқызы Ғабдуллина Семейдегі педагогикалық институтының тіл-әдебиеті факультетінің түлегі. Еңбек жолын Жаңасемей ауданы «Ақиқат» газетінде тілшілік қызыметтен бастаған.

Республикалық Абай қорық-мұражайында 1992 жылдан бастап, 18 жыл ғылыми қызмет  істеген Алмахан Мұхаметқалиқызы  2010 жылы Елордасы – Астанаға бет түзеді. Қазақ әдебиетінің Ұлы классигі Абай шығармашылығы мен мұрасын тануда айрықша мәні бар көшбасшы бастама көтеріп, Қазақстан-Ресей университетінен тұңғыш рет  «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығын ашып, Елордада Абайтанудың негізін қалады. Бұл күнде Астана қаласы оқу ордалары мен қала мектептерінде Абайтану пәні тұрақты жүргізіліп келеді.

«Саналы ғұмырымды қазақтың бас ақыны «Абай» мұражайынан бастағаннан кейін, ол жерден үйренгенім көп. Сондай жерден сабақ алып, өсіп, үлкен ордаға келгеніме қуаныштымын. Мектепте, көптеген әңгімелер мен сөз тіркестерінде Абайды айтқанымен, біз оны танымаймыз. Біздің кемшілігіміз – Абайды ғалымдар үшін зерттейміз. Ал, қарапайым халық үшін Абайдың бетін аша алмай жатырмыз»- дейді Алмахан апай.

Өзіндік соқпағы бар лирик ақынның «Жансая», «Тылсым сыры», «Жыр-ғұмыр», «Шабыт шағымы», «Мұң - менің мәңгі ұстазым», «Бір бөтен ой айтқым келеді» атты жыр жинақтары, сонымен бірге «Шәкәрім», «Қан мен тек», «Құрсақсыз ана» поэмалары ел арасында кең таралған.

Автордың сөзіне жазылған «Ақ отау», «Көршіме» «Қыз – ғұмыр»,«Ардағым,  әндерді халық сүйіп орындайды. Белгілі әнші – Алма Аманжолованың орындауындағы Алмаханның «Ардағым» әні бүгінде республика деңгейінде орындалып жүр.

Тікейлей эфир барысында Алмахан Мұхаметқалиқызы ұлы ақын жайлы ел біле бермейтін тың деректерімен бөлісіп, Абай өмірінің соңғы сәттері туралы сыр шертпекші. Сұрақ қойып, кездесуге қатысайық, ағайын.

«А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» КММ

 

Қазақ
× You found a Typo