Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Рухани жаңғыру. «Шаһ-Керім:Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек...». Әдеби-сазды кеш

Рухани жаңғыру. «Шаһ-Керім:Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек...».  Әдеби-сазды кеш

Осыған орай «Болашаққа бағдар - Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  2018 жылы 19 сәуір күні, сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында біздің «Шаһ-Керім: Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек...» атты әдеби-сазды кеш өтеді.

Биылғы жылы өлкеміздің танымал ірі тұлғаларының бірі, ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырушы ірі ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы, аудармашы, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының (1858-1931) туғанына 160 жыл толады.

Сондай-ақ, ақынның шығармалары биылғы жылы «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясының «ЖЫЛ КІТАБЫ» болып таңдалды.

Кездесуде Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығының беймәлім беттерінен ақпараттар беріледі. Сондай-ақ, ақынның философиялық ойлары туралы Семей қаласындағы «Шәкәрімтану» орталғының  директоры Ақмарал Төлеуғазықызының бейнежолдамасымен танысамыз. Мәдени іс-шараға студенттер, оқушылар, мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер шақырылады. Шәкәрім әндерін тұңғыш орындаушылардың бірі – Ә. Қашаубаев атындағы филармония әншісі Келденбай Өлмесековтың көзі тірісінде жазылған бейне жазба тыңдалады.

Ақын ұрпағына рухани азық боларлық мұра қалдырды. Оның қаламынан шыққан көптеген өлең-дастандар, мысалдар, нақыл сөз, проза, қара сөздер, аудармалар, қызықты да аянышты тағдыры туралы зерттеулер кітапхана мамандары дайындаған әдебиеттер көрмесінде ұсынылады.

Мәдени іс-шараға студенттер мен оқушылар, мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер шақырылады.

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

Қазақ
× You found a Typo