Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

​ «Рухани жаңғыру» жобасы тобына арналған онлайн-марафон - 3 тамыз

«Рухани жаңғыру» жобасы тобына арналған онлайн-марафон 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы жобалардың үйлестірушілеріне арналған «Жақсы сөз – жан азығы» атты үш күндік онлайн марафон А.С.Пушкин атындағы кітапханада 3 тамыз күні 16.00-де басталады.

Марафонның жүргізушісі Абылғазинова Гүлбаршын А.С.Пушкин атындағы кітапхана маманы, шешендік өнер тренері.

Марафонға қатысушылар сан ғасырлар қойнауынан бүгінге жеткен шешендік өнердің қыры мен сырының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы жобаларды іске асыруда атқаратын рөлімен танысады. Олар ұлы даланың шешендік сөз өрнегін, ұлттық әдет-ғұрыптар мен жаңа ақпараттық үрдістердің талаптарын қалай бірге үйлестіріп қолдануға болатынын үйренеді. 

Өткенді, бүгін мен келешекті өзара байланыста және халықпен үйлесімде жүргізе білу туралы Елбасы өз жолдауында атап өткен еді: «Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды»

Тәжірибелі шешендік өнер шебері, онлайн-марафон модераторы Гүлбашын Тлегенқызы өзінің іс-тәжірибесімен Инстаграм желісінде @pushknlibrary кітапхананың парақшасында бөліседі.    

А.С.Пушкин атындағы кітапхана

Қазақ
× You found a Typo