6-шы қыркүйек күні С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Конференцияға археологтар, түркітанушылар, мұражай, мұрағат, білім беру мекемелерінің, қоғамдық ұйымдардың және орта мектептердің қызметкерлері қатысады.
Іс-шара барысында Едитеп университетінің (Стамбұл, Түркия) тарих бөлімінің жетекшісі, профессор Ахмет Ташағыл «Қытай дереккөздері бойынша ежелгі түріктердің тарихы» тақырыбында дәріс оқиды. Сонымен қатар, Әзірбайжан Ұлттық ғылым Академиясының Археология және этнография институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих жөніндегі философия докторы Тахира Шахбазова (Баку, Әзірбайжан) «Әзірбайжандағы қыпшақтар: топонимдерде сақталған тарих» тақырыбында дәріс оқиды.
Өткізу орны мен уақыты: №5 оқу ғимараты, сағ. 15.00-16.00
Ұйымдастыру комитеті