Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық конференциясы өтеді

6-шы қыркүйек күні С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Конференцияға археологтар, түркітанушылар, мұражай, мұрағат, білім беру мекемелерінің, қоғамдық ұйымдардың және орта мектептердің қызметкерлері қатысады.

Іс-шара барысында Едитеп университетінің (Стамбұл, Түркия) тарих бөлімінің жетекшісі, профессор Ахмет Ташағыл «Қытай дереккөздері бойынша ежелгі түріктердің тарихы» тақырыбында дәріс оқиды. Сонымен қатар, Әзірбайжан Ұлттық ғылым Академиясының Археология және этнография институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих жөніндегі философия докторы Тахира Шахбазова (Баку, Әзірбайжан) «Әзірбайжандағы қыпшақтар: топонимдерде сақталған тарих» тақырыбында дәріс оқиды.

Өткізу орны мен уақыты: №5 оқу ғимараты, сағ. 15.00-16.00

Ұйымдастыру комитеті 

Қазақ
× You found a Typo