- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
АҚ «Самұрық-Қазына» жоғары оқу орындарының 20 дарынды түлектерін іздеу, іріктеу және оқыту жөніндегі бастаманы жариялайды.
Қатысуға кәсіпқой болуға және Қазақстан Республикасының ең үздік ұлттық компанияларында мансабын бастауға ниет білдіретін 2018 жылдың түлектері (бакалавриат, магистратура) шақырылады.
Бағдарламаның міндетті компоненты – 2 жылдың арасында «Самурык-Қазына» компаниялардың топ-менеджерлерінің басшылығымен бес айлық тағылымдамалар. Бағдарламаның жеңімпаздарына ай сайын стипендия, тәжірибе орнына дейін жол ақысы және тұратын мекен жайының ақысы төленеді.
Қатысушыларға қойылатын талаптар және конкурстың шарттары туралы қосымша ақпаратты сайтта көруге болады www.skcu.kz/zhasorken.
Қызығушылық танытқан студенттер төмендегі сілтеме бойынша (https://goo.gl/forms/4bcgXs7GSeMxAi0r2) «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университет өкілдерінің презентациясына тіркелуі керек.
Презентация 29.11.2017ж., 15.00-де, Қазақстан-Американдық еркін университетінде өтеді.
Әдістемелік жұмыс, іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімі