Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Студенттер үйлеріне қоныстануға арналған online-өтінімдер

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Студенттер үйлеріне қоныстануға арналған online-өтінімдер.

«Жоғары оқу орындарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі №189 бұйрығы) негізінде С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «2020-2021 оқу жылына арналған университет пен Жоғары колледждің бірінші курс студенттерін, жоғары курс студенттерін Студенттер үйлеріне қоныстандыру тәртібі» қағидалары бекітілді.

2020-2021 оқу жылына арналған университеттің және Жоғары колледждің бірінші курс студенттерін, жоғары курс студенттерін Студенттер үйлеріне

ҚОНЫСТАНДЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ

1. 1 курс студенттерін орналастыруға өтінімдер университеттің www.vkgu.kz ресми сайтында 25 тамыздан 15 қыркүйекке дейін online форматта қабылданады:

1.1 Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің, Психология, Педагогика және мәдениет факультетінің студенттері (ББ: «мектепке дейінгі тәрбие», «бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «дефектология», «өзін-өзі тану», «психология») online арқылы №3 Студенттер үйіне тіркеледі;

1.2 Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің студенттері №4 Студенттер үйіне onlin тіркеледі;

1.3 Экономика және құқық факультетінің және Жоғары колледждің студенттері online арқылы №5 Студенттер үйіне тіркеледі (ББ: биология, география);

1.4 Психология, педагогика және мәдениет факультетінің («Дене шынықтыру және спорт», «Алғашқы әскери дайындық», «Музыкалық білім» ББ) студенттері және жергілікті атқарушы органның мемлекеттік тапсырысы бойынша оқитын студенттер (ШҚО әкімінің гранттары) №1 Студенттер үйіне online тіркеледі.

2. Жоғары курс студенттерін online тіркеу:

2.1 2-4 курс студенттерінің Студенттер үйлеріндегі бұрынғы тұратын орындары сақталады.

2.2 2-4 курс студенттері 25 тамыздан 15 қыркүйекке дейін 2019-2020 оқу жылында тұруға сәйкес өтінімдер бойынша тіркеуді салыстырулары қажет.

3. Студенттер үйлеріне студенттерді орналастыру шектеу және карантин шаралары алынып тасталғаннан кейін басталады. Ресми сайттағы ақпаратты қадағалаңыз www.vkgu.kz.

3. 2020-2021 оқу жылына арналған Студенттер үйлерінде тұрғаны үшін төлем – студенттерге төсек-орын үшін – 5000 теңге, магистранттарға – айына 11400 теңге.

Бос төсек-орын болған жағдайда әр түрлі факультеттерде оқитын бір отбасынан шыққан студенттер туыстық қарым-қатынасты растайтын құжаттары болған жағдайда бір Студенттер үйіне, бір бөлмеге орналасады («ҚР тұрғын үй кодексіне» сәйкес 14 жасқа толған әр жынысты балалардың тұруы бөлек болуы тиіс).

Қосымша ақпарат алу үшін тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөліміне +7 (7232) 540 708 немесе кол-орталыққа хабарласуға болады.

Ата-аналар мен туыстардың Студенттер үйінде тұруға құқығы жоқ.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бойынша бөлім

 

 

 

 

Қазақ
× You found a Typo