Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

С. Аманжолова атындағы ШҚМУ-дың доценті, т.ғ.к., М. Ақановтың "Қазақтың ру-тайпа атауларына ғылыми көзқарас" атты кітаптың тұсаукесері - 23 қазан

23 қазан күні сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің  доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Ақанов Маратбек Қамзаұлының «Қазақтың ру-тайпа атауларына ғылыми көзқарас» кітабының тұсаукесері өтеді.

«Қазақтың ру-тайпа атауларына ғылыми көзқарас» еңбегінде ру-тайпа атауларының шығу тарихына ежелгі түрік, араб, парсы, монғол, қытай сөздіктері мен әр түрлі жазбаша түпнұсқалардағы деректер пайдаланылған. Автор осы атауларды ауыз әдебиетіндегі мәліметтермен ұштастыра отырып, ғылыми талдау жасаған.

Басылымда найман, арғын, керей, жалайыр, байжігіт, қаракерей, балталы, бағаналы сынды қазақ ру-тайпалары атауларының мән-мағынасы мен тарихына кең тоқталады. Мәселен, автор «найман» этнонимінің астарын моңғол немесе түрік тілдес халықтардан емес, нақтылы парсы сөзінен іздеуді ұсынады. Парсы тіліндегі «Найман» сөзінің мағынасы – «керней тартушы адам», «керней тайпасының адамы» немесе «кернейші» дегенді білдіреді.

Зерттеу еңбегінде автор қазақтың ру-тайпа атауларынан басқа, Шыңғыс ханның этникалық тегі туралы мәселеге тоқталып, найман-монғол соғыстары кезеңінде тарих сахнасына шыққан ірі тұлға – Күшілік хан жайлы тың мәліметтер келтіреді.

Басылым қазақтың шежіресіне, халқымыздың тарихи қалыптасуына қызығушылық танытатын барлық оқырманға арналған. Кітап тұсаукесеріне оқытушылар, ұстаздар, студенттер, мектеп оқушылары, кітапхана оқырмандары қатыспақ.

Келем деушілерге есік ашық.

А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

Қазақ
× You found a Typo