Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Uni Library

Uni жылжымалы оқу залы наурыз айының 1-31 аралығында  (сағ. 9.00-ден 13.00-ге дейін) С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ғылыми кітапханасында қонақта болады. Оңтайлы трансформер-сөрелерге ағылшын, қазақ, орыс тілдерінде жазылған заманауи оқу және әдістемелік басылымдар қойылған.

Uni топтамасының маңызды бөлігін ағылшын тілінің оқытушылары  мен үйренушілеріне арналған кітаптар, TOEFL, GRE, IELTS  сынды халықаралық тілдік емтихандарға дайындайтын  оқулықтар  мен А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының Американдық бұрышының қорынан алынған, бос уақытта оқуға арналған бейімделген бірегей  басылымдар құрайды. Көрме қасында Сіздер Американдық бұрыштың мүмкіндіктері мен қоры және облыстық кітапханасының жалпы мүмкіндіктері  туралы, студенттер мен оқытушыларға арналған айырбас оқыту бағдарламалары туралы кеңес ала аласыздар.  

Тіл меңгерем деген талабы бар баршаңызды С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ғылыми кітапханасында орналасқан жылжымалы оқу залында (№1 оқу ғимараты, 1 қабат) күтеміз.

Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo