Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Еріктілер мектебінің» ашылуы - 19 ақпан

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Еріктілер мектебінің» ашылуы 

Өткізілетін күні: 19 ақпан.

Уақыты: сағат 16.00.

Өткізілетін орны: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ №1 оқу ғимараты, 30-Гвардиялық дивизия көшесі, 34-үй, №1 оқу ғимараты, 111 дәрісхана. 

2016 жылы 22 желтоқсанда өткен Сенат отырысында Қазақстан Республикасындағы «Еріктілер қызметі туралы» Заң қабылданды.  Мемлекеттік деңгейде құжат қабылданғаннан кейін Қазақстанда еріктілер қозғалысы дамудың жаңа кезеңіне түсті.

2020 жыл елде «Еріктілер жылы» деп жарияланғаны белгілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында азаматтық қоғамды нығайтуда еріктілердің орны ерекше екенін атап өтті.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-де 2014 жылдан бастап, «Мейірім» еріктілер клубы жұмыс істейді. Аталмыш клуб қала және облыс көлемінде қоғамды ізгілендіру бағытындағы игі шараларымен танымалдыққа ие болды. «Мейірім» еріктілер клубы 2016 жылы Өскемен қаласы әкімінің «Үздік жыл акциясы» номинациясын иеленсе, 2019 жылы ШҚО әкімінің «Үздік акция» номинациясының иегері  атанды.

Рухани жаңғыру дәуірінде еріктілердің қызметі тіпті өзекті. Ұлы ақын, ойшыл дана Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында еріктілер қызметін дұрыс ұйымдастыру  ерекше мәнге ие. Ақынның мерейтойына қатысты басты іс-шаралардың ШҚО-да өткізілетініне байланысты Еріктілерге арнайы даярлық қажет. Осыған орай, оқу орнында 2020 жылдың 19 ақпаны мен 19 мамыры аралығында «Еріктілер мектебі» өз жұмысын бастайды. Мектептің жұмысына 200 студент тартылмақ.

Еріктілер мектебі барысында негізгі 7 бағыт бойынша дәрістер оқылып,  семинар-тренингтер, мастер-кластар көрсетіледі. Әсіресе, Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы, өмір сүрген дәуірі, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріне ерекше мән берілмек.

Шара еріктілерге сертификат берумен аяқталады.

Шараның медиялық мақсаты: Еріктілер қызметін насихаттау, оның заңнамалық негіздері мен ұйымдастыру технологиясын талқылау, еріктілерге үйрету.

Ұйымдастыру комитеті 

Қазақ
× You found a Typo