Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-нің ҰҚҰҒЗ-ның технологияларды коммерцияландыру кеңсесі (ТКК) «Жас талап» ғылыми жобалар байқауына өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.
Байқау мақсаты: жастарды ғылым мен өнертабысқа қатысуға ынталандыру, өнертабыстың мәнін мамандық ретінде арттыру, стартаптарды ынталандыру.
Университеттің студенттері, магистранттары мен ғалымдары арасында инновацияларды, өнертабыстарды, зерттеулерді, практикалық маңызы бар идеяларды және мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына ықпал ететін оқиғалардың әртүрлі жаңалықтары мен өзектілігіне негізделген үздік инновациялық жобалар байқауы өткізіледі.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
– «Студенттер мен магистранттар арасында үздік жоба», бұл номинацияға 30 жасқа дейінгі студенттер мен жас ғалымдар қатыса алады;
– «Ғалымдар арасында үздік жоба», бұл номинацияға 30 жастан асқан ғалымдар қатыса алады.
Байқау ережесі бойынша қажетті құжаттар.
Қатысу туралы өтінімдер 2020 жылдың 23 қарашасынан 5 желтоқсанына дейін қабылданады. Өтінім Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-тің ҰҚҰҒЗ-ның технологияларды коммерцияландыру кеңсесіне (ТКК) берілуі тиіс .
Мекен-жайымыз: Өскемен қаласы, Шәкәрім даңғылы, 148 (№7 ғимарат), №100 каб. және электрондық пошта арқылы: erasil.93@yandex.kz
Байқаудың қорытындысы 11 желтоқсанда аяқталады.
Анықтама үшін тел.:+7 777 993 83 69.
Технологияларды коммерцияландыру кеңсесі