Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Саяси қуғын-сүргін естеліктерінің жаңғырығы» атты аймақтық семинар - 31 мамыр

 2018 жылдың 31 мамыр күні С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің №1 оқу ғимаратында «Саяси қуғын-сүргін естеліктерінің жаңғырығы» атты аймақтық семинар өткізіледі. Аймақтық семинар «Саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы  естелік (1920 – 1950 жж.) және оның Қазақстанның сакральдық ландшафтында бекітілуі (Шығыс Қазақстан негізінде)» атты ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым Комитеті гранты бойынша ғылыми жобаны жүзеге асыру шеңберінде жоспарланды (ғылыми жетекші: т.ғ.д., профессор А.С. Жанбосинова).
Семинардың мақсаты: шығысқазақстандықтардың ХХ ғасырдың 20-50 жылдардағы саяси қуғын-сүргін туралы естеліктерін ой елегінен өткізу болып табылады. Сондықтан іс-шараға қатысуға Өскемен және Семей қалаларының  университет, қоғамдық ұйымдар, дәстүрлі конфессиялар, мұражайлар, кітапхана, мұрағат өкілдері шақырылды. Осы мәселе бойынша қоғамның мәдени жадын қалыптастыру және сақтауға үлес қосушы зерттеушілер арасында диалогтық алаң қалыптасады.
 Аймақтық семинар  бағдарламасымен қосымшада танысуға болады.
 
         Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы, «Алтайтану» ҒЗО
Қазақ
× You found a Typo