Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ScienceStars ғылыми коммуникациялар конкурсы – өтінімдер 29 ақпанға дейін қабылданады

Олай болса, Chevron-ның қолдауымен Британдық Кеңес, OYLA ғылыми-көпшілік журналы және Ғылым Қоры сізді ScienceStars ғылыми коммуникациялар конкурсына қатысуға шақырады.

Біз он финалға қатысушыны наурыз айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін соңғы айналымға, коммуникация бойынша шеберлік сыныбына шақырамызҮздік ораторларды арнайы қазылар алқасы анықтап, ноутбук (1-ші орын) немесе iPad (2-ші және 3-ші орын) секілді сыйлықтармен марапаттайды.    

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

  1. Сіз 9-11 сынып оқушысы немесе колледжде 1-2 курс студенті болуыңыз керек;
  2. Видео түсіріп, оны YouTube немесе Vimeo-ға жүктейсіз (бізге қарауға рұқсат беру арқылы жасырын немесе бейресми режимде жүктесеңіз болады) және 29 ақпанға дейін Британ Кеңесінің веб-сайтындағы онлайн-өтінімді толтырасыз;  

 Баяндамаңыз не туралы болуы керек?

  • Технология, техника, медицина, биология, химия, физика немесе математика туралы ғылыми теорияны, өнертабысты немесе жобаны түсіндіру;
  • Қазақ немесе орыс тілінде;
  • 3 минуттан аспауы тиіс;
  • Өңдеусіз, арнайы эффектілер мен фондық музыкасыз;
  • Басқа адамдарсыз және артық реквизиттерсіз (сіз өзіңіз сахнаға алып шығуға шамаңыз келетін реквизитті пайдалана аласыз).

Идеяға келгенде бөгеліп қалдыңыз ба?

Идея үшін 2018 немесе 2019 жылдардың финалындағы презентацияларды қараңыздар. Естеріңізде болсын, біз видеоның сапасына немесе қазақ не орыс тілінің деңгейіне мән бермейміз, біз келесілерге қараймыз:

Мазмұны

  • Ғылыми тұрғыда нақты баяндалған;
  • Егер тақырыбыңыз талқылауға ашық болса, сөзіңізден қарама-қайшы пікірлер байқалады;

Нақты және түсінікті жеткізу

  • Құрылымды және қазылар алқасы мен көпшілікке түсінікті;

Харизма

  • Аудитория мен қазылар алқасын шабыттандырып, баурап алатын қызықты ұсыныс.

Біздің сайтымыздан толығырақ біліп, famelab@oyla.xyz мекенжайы арқылы бізбен байланысқа шығыңыздар. 

Ұйымдастыру комитеті 

https://www.britishcouncil.kz/ru/programmes/education/science-stars

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ
× You found a Typo