- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
«Сэндвич» - PhD стипендиясы
Бұл стипендия «Сэндвич-схемасы» бойынша зерттеу жұмысын жүргізуге, Қазақстан және Германия ғылыми жетекшілерімен бірге диссертация (PhD) жазуға, оны Қазақстанда қорғауа мүмкіндік береді.
Байқауға қатысу ережесі:
• Магистр, белгілі бір маман дипломы, ғылым кандидатының дәрежесі және ерекше жағдайда бакалавр дәрежесі. Өтініш беру уақытында оқуды бітіру уақыты кем дегенде 6 жылдан аспау тиіс.
• Қазақстан университеттері мен профессорларының ғылыми жетекшілікке келісімі (үміткер Қазақстан доктарантурасында оқуға тиіс)
• Неміс профессорынан белгілі біл зерттеу проектісі бойынша ғылыми жетекшілікке келісімі жөніндегі шақыру қағазы
• Шет тілін жетік білуі: Германияда жұмыс істеуге жоспарлап жүрген гуманитарлық мамандықтардың ізденіскерлері, экономистттер, заңгерлер, әлеуметтанушылар және медиктер неміс тілін білуге міндетті. Ағылшын тілін жоғарғы деңгейде білетін жаратылыстану және инженерлік мамандықтарының өкілдері өтініштерін ағылшын тілінде бере алады, егер шақырған неміс мекемесінде жұмыс ағылшын тілінде жүргізілсе.
Құжаттарды өткізу уақыты: 2016 ж. 15 қараша
Бар сұрақтармен Халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласыңыз
www.daad.kz
Халықаралық ынтымақтастық бөлімі