- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры тағайныдаған бес атаулы шәкіртақыны ұсынуға байқау жариялайды. Шәкіртақы төлену мерзімі: 12 ай (2017 ж.сәуірінен 2018 ж. наурызына дейін).
Қазақстан азаматы болып келетін үміткерлер қазақстандық университтердің 2-3 курс бакалавриат және 1-курс магистратураның студенті болуы тиіс. Байқауға күндізгі бюджеттік және бюджеттік емес оқу бөлімінің білімгерлері қатыса алады.
Ай сайынғы шәкіртақы көлемі — 25 000 теңге. Бағдарлама бойынша шәкіртақының тағайындалуы білімгердің мемлекеттік, оның ішінде ұлғайтылған шәкіртақы алу құқығын жоймайды.
Байқауға қатысушыларға міндетті түрде 2017 жылдың 30 қаңтардан бастап 12 наурызға дейін құжаттарды info@yessenovfoundation.org электрондық поштаға жіберу қажет.
Анықтама телефоны: +7 747 22 00 888
Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы