Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да оқытушыларға арналған біліктілікті арттырудың қашықтық курстары басталды

ШҚМУ-да сабақты қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы жүргізетін оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру курстары басталды.

27 мамырда «Оқытушыларды қашықтықтан білім беру технологиялары қолданылатын электронды оқыту жүйесінде жұмыс істеуге дайындау» курстары басталды.

Қашықтықтан жүргізілетін курстардың мақсаты – оқу материалдарын қашықтық форматқа ауыстыру бойынша оқытушылардың құзіреттіліктерін арттыру.

Мұғалімдер дербес қашықтық курстарын әзірлеуге, Moodle жүйесіндегі білімдерін жетілдіруге, заманауи жүйелік серверлерді зерттеуге, оларды қолдануға мүмкіндік алады.

Курстарды қашықтық технологиялар бөлімінің мамандары жүргізеді.

Бағдарламаны сәтті меңгерген әр қатысушыға сертификат табысталады.

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БӨЛІМІ

МОДУЛЬНАЯ ПРОГРАММА

Қазақ
× You found a Typo