Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да ұлағатты ұстаз Жүрсінғали Ахмеровке арналған кабинет ашылады - 27 сәуір

27 сәуірде Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті Қазақстан тарихы кафедрасында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың аға оқытушысы, ардагер Жүрсінғали Жәмпеисұлы Ахмеровке арналған цифрлы гуманитаристика оқу кабинетінің салтанатты ашылуы және «Ұлағатты ұстаздың тағылымдық жолы» дөңгелек үстелі өтеді.

Іс-шараларға С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор М.Ә. Төлеген, ҚР қорғаныс министрі, генерал-майор Н.Б. Ермекбаев, ҚАЕУ президенті Е.Ә. Мәмбетқазиев, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ардагері, досы және қызметтесі И.А. Полтаранин, Р.К. Қазақстан тарихы кафедрасының доценттері Нұрбекова, Ж.С. Әубәкірова, Ж. Ахмеровтің жұбайы Ш.Ж. Ахмерова қатысады.

Бағдарламада:

Археология және Алтайдың мәдени мұрасы, сонымен қатар Университет тарихы мұражайларына экскурссия – ШҚМУ-дың №1 оқу ғимараты, 315 дәрісхана, сағат 10.30.

Кабинеттің ашылуы –  ШҚМУ-дың №1 оқу ғимараты, 255 дәрісхана, сағат 11.00.

Дөңгелек үстел – «Жүрсінғали Ахмеров» кітабының тұсаукесері –ШҚМУ-дың №1 оқу ғимараты, 218 дәрісхана, сағат 11.30.

Жүрсінғали Ахмеровке арналған ас – «Нури» мейрамханасы, Н. Назарбаев даңғылы, 114, сағат 13.00.

Ректорат

Қазақ
× You found a Typo