10 желтоқсан күні сағат 15.00-де №1 оқу ғимаратындағы 111 дәрісханада педагогикалық емес мамандықтардың студенттеріне арналған Career Day өтеді.
Іс-шара аясында «Kaspi Bank» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ презентациялары және жұмыс берушілер қатысуымен Mock Interview сессиясы өтеді. Макет сұхбаттасу – студенттерді нақты жұмыс сұхбатын сәтті өтуге үйрету үшін пайдаланылатын әңгімелесу үлгісі. Осындай тәжірибе қиын сұрақтарға қалай жауап беру керектігін үйренуге көмектеседі, софт дағдырларды жетілдіруге көмектесіп, сұхбаттасу кезінде стресті төмендетуге үйренеді.
Бакалавриат пен магистратураның соңғы курс студенттерін қатысуға шақырамыз.
Өз болашағыңды қолыңа ал, мансапты бүгін баста!
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы