Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ғалымы Бауыржан Рахәділов «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысуда: жерлесімізге дауыс бер!

ШҚМУ ғалымы Бауыржан Рахәділов «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысуда: жерлесімізге дауыс бер!

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңіне үміткерлер өтінімдерін қабылдау аяқталып, онлайн дауыс беру басталды, дауыс беру 100esim.el.kz сайтында 2 қарашадан 15 қарашаға дейін жүреді.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғалымы Бауыржан Рахәділов те қатысып отыр. Барлығымыз Бауыржана Рахәділов үшін дауыс берейік!

Естеріңізге салар болсақ, жобаның бірінші кезеңіндегі жеңімпаздар арасында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың жас ғалымы Альмира Жилкашинова бар. 

Бауыржан Рахәділов – жас ғалым, өнертапқыш, PhD докторы, мемлекеттік талантты жас ғалымдар ғылыми стипендиясының иегері.

2009  жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Физика» мамандығы бойынша үздік бітіріп, физика бакалавры біліктілігін алған. 2011 жылы жаратылыс ғылымдары магистрі академиялық дәрежесін алған. 2011-2014 жж. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Техникалық физика» мамандығы бойынша докторантурада (PhD) оқыған. Бауыржан Қорабайұлы Люблин техникалық университетінде (Польша, 2009 ж.), Вроцлав технологиялық университетінде (Польша, 2012 ж.) және Отто фон Гуерике атындағы университеттің материалтану және біріктіру технологиясы институтында (Германия, 2013 ж.) ғылыми тағылымдамадан өткен. 2014 жылдың 31 қазанында докторлық диссертация қорғап, «Техникалық физика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алған.

Материалтану және конденсацияланған күй физикасы саласындағы жоғары білікті жас ғалым. «Тезкесуші құрышты электролит-плазмалық азоттау» монографиясы, 3 оқулығы және 100-ден аса ғылыми мақаласы бар, оның ішінде 20 мақала Thomson Reuters және Scopus деректер қорына енген шетелдік басылымдарда жарияланған. Сондай-ақ, 15 авторлық куәлік тіркеген. Ғылыми жұмыстарының негізгі нәтижелері Қазақстан мен шетелде өткен 30 халықаралық және республикалық конференцияларда, семинарларда және форумдарда баяндалып, 1, 2 дәрежелі дипломдармен марапатталған. 2011 жылы республикалық ғылыми жұмыстар байқауында Б.Қ. Рахәділов үздік ғылыми-зерттеу жұмысы үшін Білім және ғылым министрінің қолы қойылған 1 дәрежелі дипломмен марапатталған. 2012 жылы Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ «Инновация-2012» байқауында 2 дәрежелі дипломмен марапатталған. 2013 ж. ғылым мен техника дамуына елеулі үлес қосқан талантты жас ғалымдардың мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері болды.

2017 жылы «Жыл жас ғалымы» номинациясы бойынша «Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін» Өскемен қаласы әкімі сыйлығының иегері болды, сол жылы NURINTECH республикалық жастар инновациялық байқауында «Үздік жас ғалым» номинациясында үшінші орынға ие болды. Сондай-ақ, 2017 жылы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Үздік жас ғалым – 2017» байқауының жеңімпазы атанды.

Оның жетекшілігімен БҒМ Ғылым комитетінің бюджеттік бағдарламасы бойынша келесі ғылыми жобалар жүзеге асырылған: «Нығайтылған кескіш құрал алу технологиясын әзірлеу» (2013-2015 жж.) және «Теміржол көлігінің құрыш тетіктерін сыртқы нығайтудың ресурс үнемдеу технологиясын әзірлеу» (2015-2017 жж.). Бұл жобалар негізінде Б.Қ. Рахәділов құрыш бұйымдарды электролитті-плазмалы нығайтудың ресурс үнемдеу технологиясын жасаған. Ол қарапайым жабдықтар мен арзан су ерітінділерін қолдану, өңдеу уақытын қысқарту және сыртқы қабаттың тозу төзімділігі мен беріктігін арттыру есебінен техника-эконимикалық тиімділікке жетуді қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде аталмыш технологияны коммерцияландыру жұмыстары жүріп жатыр.

Қазіргі уақытта оның жетекшілігімен БҒМ Ғылым комитеті 2018-2020 жылдарға бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру бойынша қаржыландырып отырған, жалпы сомасы 266 млн. теңгені құрайтын «Машина жасау бұйымдарына арналған тозу төзімді материалдар алудың инновациялы технологияларын зерттеу және әзірлеу» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба пайдалану процесінде қарқынды түрде тозуға ұшырайтын машина жасау маңызды бұйымдарының үйкелістен тозу төзімділігін арттыру үшін сыртқы беттерін модификациялау және қорғаныс жабынымен бүркеу инновациялық технологиясын дайындауға бағытталған.

Сондай-ақ, Б.Қ. Рахәділов «Полимер материалдардың трибологиялық қасиеттерін электр-сәулелі өңдеу арқылы арттыру» жобасын басқарады, ол Вроцлав ғылым және технология университетінің ғалымдарымен бірлесе жүзеге асырылып жатыр. Аталмыш жобаларды жүзеге асыру үшін Б.Қ. Рахәділов С. Аманжолов атындағы ШҚМУ базасында «Беттер инженериясы және трибология» ғылыми-зерттеу орталығын ашқан, онда 2 PhD докторы, 5 PhD докторант, 6 магистрант және 5 студенттен тұратын Б.Қ. Рахәділовтың ғылыми тобы құрылған.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ұжымдық қолданыстағы Ұлттық ғылыми зертханасында жұмыс істей жүріп, Б.Қ. Рахәділов ғылыми жұмысын педагогикалық қызметімен оңтайлы үйлестіреді және студент, магистрант және PhD-докторанттарға ғылыми жетекшілік етеді.

http://100esim.el.kz/kz/bio/bauirzhan_rahadilov_

 

Қазақ
× You found a Typo