Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ мен Жоғары колледж студенттері қашықтықтан оқытуға көшеді - 16 наурыз

 С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Жоғары колледж білімгерлері 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқыту тәсіліне көшеді.

Бұл шешім елде коронавирустың таралуына жол бермеу шараларын күшейтуге байланысты қабылданды.

Білім беру үрдісі ЖОО-да 10 жыл бойы қызмет етіп келетін қашықтықтан оқыту порталы және eUniver білім беру порталы арқылы іске асыралады.

ЖОО-ның білім беру порталдарында цифрлық форматтағы оқу контенті орналасқан, білімгерлер мен оқытушылардың ЖОО-ның барлық электронды ресурстарына (силлабустар, дәрістер кешені, практикалық, семинарлық сабақтарды орындауға арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар тізімі, бейнедәрістер және т.б.) қолжетімділігі қамтамасыз етілген, аудио және бейне конференцбайланысы, виртуалды чат орнатылған.

Қашықтықтан оқыту бойынша ақпарат университеттің білім беру порталдарында және ресми сайтында https://www.vkgu.kz орналасқан.

БАРЛЫҚ ТУЫНДАҒАН СҰРАҚТАР БОЙЫНША С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШҚМУ-дың CALL-ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСУҒА БОЛАДЫ:

ЭжҚФ деканаты: 8 (7232) 252-444;

ТФжХҚФ деканаты: 8 (7232) 540-585;

ЖҒжТФ деканаты: 8 (7232) 226-166;

ППжМФ деканаты: 8 (7232) 752-364, 752-649;

Қашықтық технологиялар бөлімі: 8 (7232) 541-493 (қашықтан білім беру порталы);

Ақпараттық-техникалық қамту және цифрландыру орталығы: 8 (7232) 540-316 (eUniver порталы).

Электронды порталға жауаптылар:

Ділдебай Балғын - Ақпараттық-техникалық қамту және цифрландыру орталығының жетекшісі: dyldebayb@gmail.com, 87052662188 (eUniver порталы);

Құдайбергенева Әсемгүл Ескендірқызы - AKudaibergeneva@vkgu.kz, 87715470011 (қашықтан білім беру порталы).

Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаменті

Қазақ
× You found a Typo