Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚО мектептерінің 9 және 11 сынып оқушылары арасында «Құқық негіздері» пәні бойынша «Dura lex, sed lex» онлайн олимпиадасы – 20 сәуір

Ақпараттық хат

2021 жылдың 20 сәуір күні С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжі Шығыс Қазақстан облысы мектептерінің 9 және 11 сынып оқушылары арасында «Құқық негіздері» пәнінен «Dura lex, sed lex» атты облыстық онлайн олимпиада өткізеді.

Олимпиада мақсаты:

- Құқық негіздерін оқуға қызығушылықтарын арттыру;

- Гуманитарлық ғылымдарға қызығушылықты дамыту;

- Дарынды оқушыларды анықтау, білім қорын кеңейту

Олимпиада қатысушылары: 9 және 11 сыныптарда мемлекеттік және орыс тілінде оқитын білім алушылар.

Олимпиаданың өтетін күні: 2021 жылғы 20 сәуір, 1 кезең – сағат 9.00-де, 2 кезең – сағат 14.00-де.

Олимпиада тілі: қазақша, орысша.

Олимпиадаға қатысу – ақысыз.

Өтініштер беру мерзімі: Олимпиадаға қатысуға өтінішті төмендегі электрондық адреске (1 Қосымша бойынша) 2021 жылғы 18 сәуірге дейін жіберу керек – shinar2006dias@mail.ru – мемлекеттік тілде оқитындарға, savaleks82@mail.ru – орыс тілінде оқитындарға.

Олимпиаданы  өткізу туралы толық ақпарат қосымша 5 парақта (қазақ және орыс тілдерінде).

Ұйымдастыру комитеті 

Қазақ
× You found a Typo